18
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Дана халқымыздың «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ер көгереді», - деп айтқан мақалы мағыналы әрі орынды қолданған. Жердің құнарланып, көркеюіне жаңбырдың қаншалықты пайдасы тиетін болса, алып тұлғалы ердің де өсіп-өніп, көркеюіне батаның да соншалықты пайдасы тиетіні шындық. Жаңбыр жер бетіне жан бітіретін болса, бата ердің бойына қан жүгіртіп, қуаттандырады. Сондықтан да халқымыз «баталы құл арымас, батасыз құл жарымас», «баталы құлға бақ қонар» деп барлық жақсылық атаулының түп-тамырын батамен ұштастырып келген.

Наурыз да аяқталып, сәуір айы да келіп жетті. Бірақ шуақты көктем айларының бірі болған сәуірдің алғашқы күні біраз азаматтар күлкі немесе әзіл күні деп әзілдеймін деп, елді күлдіремін деп шариғат шеңберіне келмейтін іс-әрекеттерге барып жатқанына куә болып жатамыз.  1-ші сәуір күнгі қалжыңдар қоғамның әр түрлі саласында қызмет етіп жатқан, үлкен-кішіні  қамтитын  әзілдер орын алады.

«Дұға» – сөзі араб тілінде шақыру мағынасын береді. Ал шариғатымыздағы мағынасы пенденің Раббысынан жалбарынып сұрауы (тілеуі). Дұға пендені Раббысымен тікелей байланыстырып, пенденің арман-тілектерін, мұңы-мұқтаждығын жеткізуші. Жаратушыға дұға етумен жалбарыну біздің табиғатымызға тән нәрсе.

Ұлы ұстаз Ыбырай Алтын­са­риннің ақыл-ойы, пайым-парасаты, бар болмысы хаттарында.

Ақтөбе екі сыныптық орыс-қазақ мектебінің мұғалімі А.А.Мозохинге жазған бір хатында: «Я, айтпақшы, мен Сізге бір кішкене сөгіс берейін деген едім, – деп жазады. – Сіз маған жазған хатыңызды «Ұлы мәртебелі» деп лауазымнан бастайтын сұмдығыңыз не? Достар арасында және олардың хаттарында лауазым айтылушы ма еді? Ондай сөздермен мені ендігәрі ұялтып, қызартып жүрмеңіз, әйтпесе мен де Сізге хатымды «сіздің ұлы мәртебеңізге» деп бастайтын боламын» [1882, 22 қаңтар].

Алланың елшісі (с.а.с.) көркем есімдерді жақсы көріп, жаман есімді ұнатпайтын. Жаман есімді кесірлік деп көретін. Тіпті, аты жаман қойылған жерлерге қонбайтын. Имам Мәлік ибн Әнестің әл-Муатта кітабында мынадай риуаят келтірілген.

Тәубе ету – күнәлардан бас тарту дегенді білдіреді және оны жасаудың өзіндік шарттары бар. Ар-Рағиб әль-Исфаһани былай деп айтқан: «تَوْبٌ «Тәубун» сөзінің тілдік мағынасы – күнәлардың барлығы жиіркенішті болғандықтан, ең көркем түрде олардан бас тарту. Ал  تَوْبَةٌ «Тауба» сөзінің шарғи терминдік мағынасы – күнәлардың барлығы жиіркенішті болғандықтан, олардан бас тарту әрі жасағанына өкіну, кейін шынайы ниетпен мұндай күнәні жасамауға бел буу және қалпына келтіріп жөндеуге келетінін жөндеу».

«Ғылым іздеу әрбір мұсылманға парыз».(хадис) Имам Ғаззалидің «Ихия-у улумиддин» атты кітабынының «Әрбір мұсылманға парыз ғылымдар» деген тақырыбында әрбір білім іздеуші мұсылманға, оның ішінде халыққа діни дәріс беруші ұстаздарға өте пайдалы мағлұматтар қамтылған.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына мұсылман жамағаты және ата-аналар тарапынан мектеп формасына қатысты сауалдар түсуде. Республикамыздың әр өңіріндегі мұсылмандардың бірқатар өтініш-тілектеріне орай, төменде аталған мәселеге қатысты ұстанымымызды білдіреміз.

Алты ай қыстан аман шығып, жер бетін әсемдікке бөлейтін Наурыз айы да келді. Көктемнің бұл күндерінде кешегі қыстан қалған жердің тоңы жібіп, бәйшешектер гүл атады. Наурыз - шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы.

Адамзат игілігі үшін хақ дінді түсіріп, соңғы елшіні жіберген Жаратқан Иеміз біз мекен еткен жердің асты-үстін сансыз нығметке толтырып, тарту етті. Ұшқан құс, жүгірген аң, тамылжыған жеміс-жидек, бар байлығын құлдарына берген Алла Тағала қасиетті Құранда арам асқа жоламауды да ескертеді.