26
Жұма,
Сәуір

һижри

ДІНИ ТӨЗІМДІЛІК ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Мұсылмандар қай кезде де өзге дін өкілдерімен ортақ ынтымақтастықта өмір сүріп келген. Көктен түскен иләхи кітаптардың соңғысы Құран Кәрім мына аяттарында адамдарды бір-бірімен аралас-құралас, таныс-біліс болуға шақырады: «Әй, адамдар! Біз сендерді бір ер мен әйелден жараттық. Бір-бірімен таныссын деп сендерді өзара ұлттар мен ұлыстарға бөлдік. Күмәнсіз, Алланың қасында ең құрметтілерің Одан ең көп қорқатындарың» (Хужурат сүресі, 49/13).

Прокрастинация - мұсылман мінезі ме?

Бүгінде мұсылмандарға, соның ішінде өз ұлтымызға да жалқау, еріншек деген сипат жағылған күйедей сіңіп қалған. Ал, шын мәнісінде біз ертеден сондай жалқау ел ме едік немесе дінімізде жалқаулық пен бос сергелдеңді мойындаған, насихаттаған кезеңдер болып па еді?

Абу Аййуб (Алла оған разы болсын) риуаяты бойынша бірде бір адам Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) «Йа, Алла елшісі, жұмаққа кіру үшін не істеуім керек?» деп сұрайды. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаға басқа ешкімге құлшылық етпе, намаздарыңды орында, зекет төле және туыстарыңмен байланысыңды үзбе» деп жауап береді.

Мұсылман кісі жеген асының шариғатқа сай адал және таза болғанына мән береді. Өйткені, бұл Жаратушымыздың әмірі. Алла Тағала қасиетті Құран аяттарында таза әрі адал аспен азықтануды бұйырған. Аяттардың бірінде: «Ей адам баласы! Жер-жүзінде өздеріңе арналған адал, таза тағамды жеңдер!..» («Бақара» сүресі, 168-аят) деген.

Жұма күні кір жумау ырымы кей мұсылман елдерінде де кездеседі. Мысалы, кейбір араб халықтарында жұма күнгі сәске уақыты мен жұманың екінті уақытында кір жуған үйден береке қашып, ырзық-несібесі тарылады деп сенетіндер бар ұқсайды.

Екі дүние Сардары, адамзаттың асыл тәжі болған, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның туылған айы «Мәуліт» мерекесімен араға жыл салып қайта қауышудамыз. Жаратылғандардың асылы және шыңы болған хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с.) милади 571 жылы рабиул айының 12-ші жұлдызы, дүйсенбі күні дүниеге келіп, әлемді шексіз қуаныш пен нұрға бөледі.

«Қалташадағы шай қатерлі ісік туғызады», «Қалташадағы шайдың құрамында адам ағзасына зиянды элементтер бар» дейді ғалымдар. Ақпараттың анық-қанығына химия ғылымдарының кандидаты Ақылбекова Тұрар Наурызбайқызы былай жауап береді.

Дініміз тыйым салғаны үшін кейбір жануарлардың еттерін жеуге болмайды. Азықтардың адамға жақсы немесе жаман әсері болатыны сөзсіз. Төмендегі мына жануарларды Ханафи мазхабы бойынша жеуге тыйым салынған:

Бүгінде әлемді алаңдатқан экстремизм мен терроризм мәселесі біздің еліміз үшін де шетін тақырып еместігі белгілі. Жүздеген ұлттар мен этностың, бірнеше дәстүрлі конфессиялардың басын қосқан еліміздің ерекшелігін теріс мақсатта пайдаланғысы келетін топтардың төбе көтермей қалмасы да айқын.