23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірқатар сауапты амалдарды орындаған кісіге Жәннатты уәде еткен. Ендеше мол сауаптан сіз де қапы қалмаңыз! Жәннат бағын бұйыртатын мына амалдарды жадыңызда жаттап, амал етіңіз:

Алла Тағала еркек пен әйелді екі түрлі етіп жаратқан және дәрежелерін де әртүрлі еткен. Жаратушы Иеміз әйел қауымының бойына барлық ізгі қасиеттерді сыйдырғанымен, әйел адам еркектен ақылды ма? Осы сауалға жауап іздеп көрейік.

Рамазан айын бос өткізіп алдың ба?! Қасиетті айда жасай алмаған құлшылықтарың үшін өкінесің бе? Оның бекер! Алла Тағаладан үмітіңізді үзбе! Бәрінің де орнын толықтыруға болады. Себебі, сен бір жылдық сауаптар жазылатын Шәууәл айына қадам бастың!

Қадірлі отандастар, құрметті бауырлар! Айлардың сұлтаны әрі күллі мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айымен қимай қоштасатын күн де таяды. Барша мұсылман қауым маусымның аптапты ыстығына мойымай оразасын ұстап, қасиетті айды құлшылықпен өткізді. Жаратқаннан жақсылық тілеп, дұға етуде. Осындай күннің аптабына қарамастан Алланың мейірім-шапағатынан үміт етіп ауыз бекіткен мұсылман үмметін пайғамбар сүйіншілеген мол сауаптар мен жақсылықтар күтеді.

Күллі мұсылман үшін қасиетті саналатын ұлық мейрам – Ораза айт жақындап қалды. Ислам әлеміндегі маңызды мереке ғибадат-құлшылықпен ұштасады. Шариғатта Ораза айт күндерінде орындалатын сауапты амалдар бар. Жылына бір келетін  мерекені тойлау әдебімен бөлісуді жөн санаймыз.

 Рамазан айынан кейінгі Шәууәл айының оразасы нәпіл ораза болып табылады. Бұл оразаны  ұстау ешкімге міндет емес, әрбір адамның өз еркіндегі нәрсе. Алайда,  мұны ұстамаған жан бір жылдық оразаның сауабынан құр қалады. Себебі, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде кім Рамазан айының оразасынан соң Шәууәл айында 6 күн ораза ұстаса, бір жыл ораза ұстағандай болады,» – деп,  бұл айда ұсталатын алты күн оразаның мол сауабын сүйіншілеген еді [1]

Айт – араб­ша­дан ті­лі­міз­ге өт­кен «мей­рам» де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Айт намаз­да­ры­ның уә­жіп­ті­гі Құ­ран мен сүн­нет­ке сүйене­ді. Бі­рін­ші­сі – Рамазан айты, екін­ші­сі – Құр­бан айт [1] [2]. Жұ­ма на­ма­зы па­рыз бол­ған жан­дар­ға осы екі айт на­маз­да­ры да – уә­жіп. Бі­рақ хұт­па айт на­маз­да­рын­да на­маз­дан кейін оқылады. Бұ­лай оқы­луы – сүн­нет. Айт на­маз­да­ры­ның ал­ғаш­қы уақы­ты – күннің көк­жиек­тен найза бойын­дай кө­те­ріл­ген­де­гі уақыт. Бұл ша­ма­мен күн шық­қан­нан кейін 50-55 ми­нут­тей өт­кен­нен кейін бас­та­лып, бе­сін на­ма­зының кі­руіне дейін жал­ға­са­ды.