20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Хадистерде Қадір түні періштелер таң атқанға дейін әрбір тұрған, отырған және намаз оқып, Алланы зікір еткен пенделерге сәлем беріп, олардың дұғаларына «әмин» деп тұратындығы баяндалған. Алайда Қадір түнінің жақсылықтарынан мақрұм қалатын адамдар жайында Ибн Аббастан риуаят етілген хадисте Алланың елшісі (с.ғ.с.):

Қадір түні оқылатын дұға:
اللَّهُمَّ إِنَّكَ عَفُوٌّ كَرِيمٌ تُحِبُّ الْعَفْوَ فَاعْفُ عَنِّي

«Аллаһуммә иннәкә 'Афуун, Каримун, тухиббул-'афуа фа'фу 'анни»
«Уа, Алла! Сен Кешірушісің, Жомартсың. Кешіруді жақсы көресің. Мені де кешіре гөр!» (Имам Тирмизи риуаяты)

Бүгін барша мұсылман халқы қасиетті Қадір түнін қарсы алады. Мың айдан да қайырлы сағаттарды қалай өткізу керек? Құлшылықтың сауабы кімдерге беріледі? Тағдырлар айқындалатын бұл түні не істеу керек?

►Қадір түніндегі ең жақсы амалдың бірі – Құран оқу, оның аудармасын оқып, мағынасын түсінуге ұмтылу. Қадір түні жүрегіңізді нұрландыратын жолдың алғашқысы – Құранды көбірек оқыңыз.  Құран – бұл дүние өзінің соңына жеткенше жасайтын, күллі адамзат үшін өмірдің барлық салаларында (қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық және моральдық) ең жоғары дәрежелі кемел үлгісі болатын Хақ кітабы.

Имам Бухари Айша анамыздан (родиял-лаһу ғанһа) риуаят еткен хадисте Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Қадір түнін Рамазан айының соңғы он күндігінің тақ түндерінде іздеңдер»,-деген.[1]

Ғалымдардың басым көпшілгінің пікірінше Рамазанның соңғы он күндігі, ол жиырма тоғыз немесе отыз күн болсын, жиырма бірінші түннен басталады. Осыған сай Қадір түнін Рамазанның тақ, яғни 21-ші, 23-ші, 25-ші, 27-ші немесе 29-шы түндерінде іздеу керек. Ай жиырма тоғыз күн болғанның өзінде соңғы он күндік осы айтылған тәртіп бойынша есептеледі.[2] Сондықтан Хақ Тағаланың разылығы үшін Рамазанның соңғы он күндігін, әсіресе тақ түндерін Қадір түнін іздеп ұйықтамастан құлшылықпен өткізген дұрыс. Жаратушы Иенің разылығы мен Ақырет игілігінен шын үміттенген пенде үшін бұл қиынға соқпасы анық!

ҰБТ – алтын ұясынан ұзамаған бозбала мен бойжеткен үшін оңай сынақ емес.  Сіздің болашағыңыздың бір кірпіші осы ұпаймен қаланады. Ендеше ҰБТ-ға бармас бұрын мына бес кеңеске назар салыңыз.

Мейірімге толы Рамазан айы діні бір, тілі басқа мемлекеттердегі мұсылмандар үшін де ең ерекше ай. Сәресі мен ауызашар, тарауих пен құлшылық ұғымдары – жер бетіндегі барлық мұсылманға ортақ ұғым. Әлем халықтары Рамазан айын қалай қарсы алды? Бірқатар мұсылман мемлекеттеріндегі Рамазан айының ерекшеліктеріне тоқтала кетейік.

Қасиетті Рамазан айының іргемізден алыстауына аз ғана уақыт қалыпты. Мәртебелі айдың ендігі санаулы күндері барша мұсылман үшін сауапты молынан жинайтын құнды мүмкіндік болып тұр. Өйткені мүбәрак айдың соңғы он түнінде «мың айдан да қайырлы» Қадір түні жасырылған.

Рамазан айы – Құран түскен ай. Оразаның қадірі қасиетті Қадір түні болса, Қадір түнінің қадірі – ол қасиетті Құран. Қадір түні Рамазан айының ең құнды, ең қасиетті түні. Қадір түні тек осы үмбетке тиесілі. Басқа пайғамбарларға мұндай ізгілікті түн берілмеді. Хадис шәрифте: «Алла Тағала Қадір түнін үмбетіме сыйлады, басқа үмбетке бермеді» делінген [1].

Аса Қамқор ерекше Мейірімді Алланың атымен...

Алланың елшісіне, отбасына, сахабаларына және де ақыретке дейінгі жалғасын тапқан ізбасарларына Алланың сәлемі мен салауаты болсын...

Шынтуайтында әрбір мұсылман адамның өзінің мұсылман бауырының алдында белгілі бір орындауы тиіс амалдары мен ақысы бар. Олар:

Алла Тағала Құран Кәрімде:

لاَ يُحِبُّ اللَّهُ الْجَهْرَ بِالسُّوءِ مِنَ الْقَوْلِ

«Алла жаман сөздің жарияланып сөйленуін жақсы көрмейді [1]»,-дейді. Ауыздан шыққан жаман сөздің барлығы да Алла Тағала үшін ұнамсыз болып табылады.