26
Сәрсенбі, Қыркүйек

һижри

Отбасы – мемлекеттің іргетасы һәм ажырамас бөлігі. Мемлекеттің тұрақтылығы мен өсіп өркендеуі – отбасына байланысты. Отбасының қалыптасуында діннің алар орны ерекше. Ислам дінінде де отбасылық құндылықтарға үлкен мән берілген. Шариғатымызда әр мәселе жеке ғылым ретінде қарастырылса, соның ішінде отбасы тақырыбы өз алдына «Әл-усрату фи әл-исләм» (Исламдағы отбасы) деп арнайы ғылым болып қалыптасқан.

Америкалық эмбриолог ғалым Роб Гиллхам Құран аяттарымен танысқан соң, ислам дінін қабылдаған екен. Ол қасиетті Құранда жазылған «ажырасқан әйелге 4 ай уақыт өткенше қайтып тұрмыс құруға тыйым салынады»деген ескертуге ерекше назар аударыпты. Бұған зерттеу жүргізген ғалым «әйелдің ағзасына еркектің хромосомалық «таңбасынан» толық тазару үшін 4 ай уақыт өтуі керек»деген қорытындыға келді, деп жазады араб бұқаралық ақпарат құралдары.

«Сергей Капица айтқандай, адамзаттың басына төнген жаһандық проблемалардың ішіндегі ең үлкені - Жер халқының жаппай көбейіп келе жатқаны. Шынында да, біз көбейіп келеміз. Бірақ бұл қарқынымыз қорқынышты. 1900 жылы планетамызда 1,6 миллиард адам жүрсе, айналдырған алпыс жылдан кейін ақ, 1960 жылы адам саны 3 миллиардқа тақаған.

Имам – арабша «елдің алды, қоғам айнасы, лидер, көсем» деген мағыналарды білдіретін сөз. Алла мен адамдар арасындағы құлшылық парызын өтету арқылы басталған имам қызметі ислам тарихи тәжірибесінде көптеген белестерден өтті. Кешегі атеистік кеңестік режим кезінде Алласыз қоғам құру, ұлтсыздандыру, мәдениетсіздендіру саясатына негізделген идеология имам атауының өңін айналдырып түсіндіріп бақты.

Адамның өз кәсібі бойынша кемелденуіне орай, оның табыс табу қабылеті де шыңдала түседі. Неғұрлым көбірек білсек, соғұрлым көп табысқа кенелеміз.Өз ісі жөнінде көп білуге ұмтылатын адам міндетті түрде марапатталады.Егер ол суретші болса, дарынды өз әріптестерінен әдістер мен тәсілдерді үйренуі керек. Егер ол заңмен шұғылданса немесе дәрігер болса, сол кәсіппен айналысатын біліктілерден кеңес алып, білім бөліскені жөн. Егер ол саудагер болса, онда ылғи да сапалы арзан тауарды іздеп табуы қажет. Енді бүгінгі блогымыздың кейіпкерлерімен таныс бола жүріңіздер.

Рамазан – Жаратқанның мұсылман жұртына жасаған ұлы тартуы.

Рамазан – айлардың ең қайырлысы, уақыттың ең қасиеттісі де киелісі.

Рамазан – ақ пен қараны ажыратып, тура жолды көрсетуші «Құран» атты ұлық пәрмен жерге түсе бастаған мүбәрак ай.

- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі осымен бесінші мәрте өткелі отыр. Бірнеше жылдан бері рухани көсемдердің басын қосып келе жатқан съезд жалпы рухани әлемге, Батыс пен Шығыс арасындағы қатынасқа не берді?

Жұмаққа кіру – қай мұсылманның болса да басты арманы екені түсінікті. Соңы жоқ, шегі жоқ мәңгілік өмірдің жұмақта өткенін қай кісі қаламайды дейсіз. Алайда жұмаққа ұмтылудың жөні осы екен деп қолына қару алып, жиһад жасаймын деген оймен Таяу Шығысқа аттанып жатқандар күн санап көбейіп келеді. Ғаламтор бетіндегі материалдарға көз жүгіртсек, кейбір опасыз содырлардың жұмаққа кіреміз деп мына істерді жасап жүргенін байқаймыз:

Құранда парыз етілген оразаға ата-бабаларымыз ешқашан бей-жай қарамаған. Ауыз бекіткен жанның сауабын жомарттығы мол Жасаған иенің өзі өлшейтіндігін, бес күндік тіршіліктің мәні құлшылықта екендігін, бұ дүниенің – бейнет, ақыреттің – зейнет екенін жақсы түсінген. Сол себепті ғапылдыққа ұрынбай, мұсылмандық парызды өтеуді міндет деп қараған. Жылына бір келер отыз күн оразаны барынша құрметпен қарсы алған.

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيم

الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاةُ وَالسَّلامُ عَلَي أَشْرَفِ الْمُرْسَلِين وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِين

Аса мейірімді, Мейірбан Алланың атымен бастаймын. Барлық мадақ әлемдердің Иесі Аллаға тән. Салауат пен сәлем елшілердің төресіне, оның әулеті мен сахабаларына болсын!