Ардақты ағайын, қадірлі қазақстандықтар!
Тәуелсіздік күні еліміз үшін өзге мейрамдардан мәртебесі биік, маңызы терең, қадір-қасиеті мол мереке. Бұл – бабалар аңсап өткен, жолында жаны құрбан болған, ұлы күн. Әуелі әлемдердің Раббысы Алла Тағаланың қазақ халқына шексіз мейірім-шапағатының арқасында бұл күн бізге бақ болып бұйырды. Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырында елдігіміз нығайып, төрткүл дүние бағалаған мемлекетке айналдық.