24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

 Жаратушы Алла Тағала былай дейді: «Адам баласына, әке-шешесіне жақсылық істеуді нұсқадық». («Ахқаф» сүресі, 15-аят) Дүниеге шыр етіп келген әрбір перзентке анасынан артық жан жоқ. Ананың мейірімінен асқан не бар бұл өмірде?! Сондықтан, перзент үнемі ата-анасының табанына төселе қызмет көрсетуі тиіс.

Қазақстан өзінің тұғырлы қағидаттарын теңқұқықтық жүйе мен азаматтардың бостандығына қатар қазық қылып, бүгінде бейбіт те азаматтық қоғам құрды.

Санаулы сәттен соң әлем мұсылмандары һәм қазақ жұртшылығы Құрбан айт мерекесін қарсы алады. Дәстүрлі таныммен тамырлас ислам дініндегі айтулы айт мейрамдары бүгінде бұқара болып тойланып, ұлттық нақышта өткізіліп келеді. Республика деңгейінде аталып өтілетін Құрбан айттың қадір-қасиеті мен мән-маңызы жайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлымен сұхбаттасқан едік.

ҚМДБ «Шариғат және пәтуа» бөлімі мен ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі бірлесе әзірлеген құрбандық шалудың үкімі атты инфографиканы назарларыңызға ұсынамыз.

Діни басқарманың құрылтайшылығымен «Зекет» қорының құрылғанына да біршама уақыт болды. Діни басқарма осы айда "Зекет" қорына қатысты республикалық ауқымда "дөңгелек үстел" өткізбек. Сол жиын алдында қордың жалпы аяқ алысы мен қызметі туралы қордың атқарушы директоры Әлішер Спановпен сұқбаттасқан едік.

Зульхижжә айының 10-жұлдызы  – қасиетті Құрбан айт мейрамы басталатын ай. Бұл айдың бастапқы он күні – берекелі күн. Оның ардақтылығын Алла тағаланың өзі Фәжр сүресінде ант ете отырып білдірген: «Рауандап атқан таңмен және (зүл-хижжәның айының) он түнімен ант етемін» [1]. Осы он күнде мұсылман кісі мүмкіншілігі болса, ораза ұстап, көптеп құран мен нәпіл намаздар оқығаны дұрыс. Мұқтаж жанға садақа беруді де ұмытпағаны жөн. Өйткені хадисте айтылғандай бұл күндері жасалатын қандай да болмасын игі амал – Алланың қасында ең сүйкімді. Сүйікті Пайғамбарымыз да () өзінің асыл сөзінің бірінде: «Осы он күнде жасалған игі істен Аллаға сүйкімдірек игі іс жоқ, яғни (зүлхиджаның) он күні...» [2], – деген.

Құрметті отандастар, ардақты ағайындар. Сіздерді еліміздің мерейлі мерекесі – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Соңғы күндері еліміздегі діни ахуалдың шиеленісуі ешкімді де бей-жай қалдырмағаны анық. Қай жерде жүрсек те, сақалы ерсі, балағы қысқа сәләфилерді көргенде еріксіз үрейленетін болдық. Мұндай үрей бір ғана менің емес, бірнеше мыңдаған азаматтардың бойында бар десем қателеспеймін. Әрине, оның өзіндік себебі бар. Өйткені, Ақтөбеде орын алған лаңкестік әрекет пен Алматы қаласындағы қарақшылық шабуылдың сәләфилік ағымды ұстанушылар тарапынан болып жатқанын көзі қарақты сарапшыларымыз айтып, дабыл қақты.