20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Бұл он күн – өзіңе есеп беретін, болашағыңа жоспар құратын мүмкіндік. Өткен-кеткен қателіктер көз алдыңнан өткенде Алладан кешірім тілейсің, жоспарыңды Аллаға айтып, көмек сұрайсың. Былтырғы Рамазан мен биылғы Рамазанның қандай айырмашылығы болды? Алламен қарым-қатынаста, адамдармен қарым-қатынаста, мінез-құлықта қандай жетістіктерге жеттіңіз? Өзіңізге сауал қоятын уақыт келді!

Ислам дініне жала жабушыларға жауап

Қазақстанның тарихы мен мәдениеті көп ғасырлар бойы ислам дінімен байланыса дамып келеді. Өйткені, Ислам діні – қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі. Барлық қазақ хандары Керей мен Жәнібектен бастап ең соңғы қазақ ханы Кенесары өздерініңмұсылмандық құқықтық нормаларына жүгінгендіктерін атап кеткен. Сонымен қатар, құқықтық нормалардың басым бөлігі шариғатпен қатар дала әдет-ғұрпымен байланысты болған.

Нәпсі тәрбиесі

Адамдардың нәпсісін тәрбиелеп, оны тазарту – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келген төл уәзипаларының бірі.

Денсаулыққа зиянды 8 тағамдық қоспа

Рамазан – жан мен тәнді рухани тазартатын мектеп. Ораза – жанның азығы, тәннің шипасы. Ал біздің жанымыздың рухани кемелденуіне әсер ететін факторлардың бірі – адал ас тұтыну. 

Рамазан айы - рухани жаңару айы, Аллаға бет бұру, Оған жақындау. Бұл ай момын-мұсылман үшін тақуалықты күшейтуге зор мүмкіндік. Тақуалыққа жеткізетін алғышарттардың бірі ол - тәубе ету.

Сәресінің 7 берекеті

Қасиетті Рамазан айының бір берекеті – сәресі ас ішуде. Тілімізге еніп кеткен сәресі сөзі араб тілінде «сухур» деп аталады. Ол түннің үшінші бөлігі. Бұл кездегі уақыттың өзінде үлкен мән жатыр. Өйткені дұғалар қабыл болып, Алла Тағаланың ерекше кешірімі түсетін мезгіл. Сәресі уақытында қандай берекеттер бар?

Оразада орындайтын 10 амал

Бір ізгі адам «Рамазанның сауабынан құр қалу – бүкіл дүниенің игілігі мен жақсылығынан мақұрым болу» деген екен. Осы орайда оразада орындайтын он амалды назарларыңызға ұсынып отырмыз. Бұл насихат әуелі өзіме арналады.

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Әй, мүминдер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақтанарсыңдар»[1], - деп бұйырады. Рамазан айы бүкіл мұсылманға берілген Алланың ұлы нығметтерінің бірі. Рамазан айының көптеген артықшылықтары мен ерекшеліктері бар. Сол артықшылықтарының кейбірін қарастырып көрсек.

Ұлық айды қалай қарсы аламыз?

Ақиқатында Рамазан айы – берекеге толы, мүмкіншілік айы. Әрбір мұсылман үшін Жаратушысына жақындататын ізгі амалдарды істеу арқылы мұсылманның Раббысының мейіріміне үміт ететін ай. Барлық жамандық атаулыдан тиылып, өмірін жаңа парақтан бастауға мүмкіндік алатын ай.