19
Жұма,
Сәуір

һижри

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ары қарай – ҚМДБ), 2011 жылғы ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына және ҚМДБ-ның 2012 жылы қабылданған Жарғысына сәйкес, өзінің жұмысын тиісті нормативтік-құқықтық актілер шеңберінде атқаруда. Діни басқарманың Орталық аппараты өз шеңберінде 15  бөлімнің жұмыстарын ұйымдастырып, тиісті нұсқаулықтар беруде. 2016 жылы ҚМДБ-ның басты бағыттары бойынша атқарған жұмысының нәтижесі төмендегідей:

Трасформері несі? 10 опция? Имам? Сәл шыдасаңыз біраздан соң бәрін де түсіндіріп беремін. Әңгімемізді былай тарқатып көрелік.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бос уақытын қалай өткізген?!

Біле білгенге уақыт, ол – мүмкіндік. Адам мүмкіндікті дер кезінде пайдаланып қалмаса, «қолын мезгілінен кеш сермері» анық. Көп жағдайда біз жалқаулыққа бой алдырып, өзімізге нәсіп болатын жақсылықтардан құр қалып жатамыз. Жұмыс істеу арқылы өзімізге келетін өзімізге деген игіліктердің көзін көбейте алатындығымызды түсінбейміз.

Аралардың ең соңғы технология саналатын компьютерден де жылдам жұмыс істейтіні анықталды. Аралардың жұмыс істеуін компьютермен салыстырған зоологтар ғажайып мәліметтерге қол жеткізді. Ең соңғы технологиямен жасалған компьютер секундта 16 миллиард арифметикалық амал жасаса, күніміздегі аралардың осы мерзім ішінде аз ғана энергия жұмсап 10 тириллиондық амал жасайды.

Испания мен Италияның түстігін жайлаған халықтың дәстүр салты ұқсас келеді. Басқасын айтпағанда, сиеста деп аталатын дәріпті ғадет екеуіне де ортақ. Испан лұғатында түскі ұйқы деген мағынаны білдіретін сиеста сөзі әлем тілдеріне әлдеқашан еніп кеткен. Ешбір өзгеріссіз, қаз-қалпында.

Лауазымды қызметтерге үміткер тұлғаға қойылатын талаптың бірі – жас ерекшелігі. Соның бірі – қырық жас. Қырық жастың нендей қасиеті мен сыры бар? Алла елшісі Мұхаммедке (с.ғ.с.) де пайғамбарлық қырық жасында келген. Сахаба Абдулла бин Аббас (р.а.) мынадай дерек айтқан:

Өліге Құран бағыштау қаншалықты орынды. «Құран тірілер үшін» деп жатады. Олай болғанда өлілерге Құран бағыштау дұрыс болмағаны ма? Жалпы «Құран тірілер үшін» дегенді қалай түсінуге болады?...

"Қосымша құлшылықты парыз етілгендей жаса" Әли ибн Ахмад, Хиласат әл Азар, 3/401 Бұл мақалада Жәннаттың жұпар иісін сезінгісі келетіндерге Жаратқан Алланың сүйіктісінің, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) , құнды сый ретінде қалдырып кеткен қосымша құлшылыққа қатысты он сегіз ақыл-кеңесі келтірілген.

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Ислам ақидасындағы «Самғиат» бабына қарасты ақырет күніне иман келтіру парыз болып табылатыны сөзсіз. Қиямет қайым – иман негіздерінің басты алғы шарттарының бірі болмақ. Ол күні жаратылыс атауы қайта тіріліп, мәңгі өмір сүреді, сол күні жақсы-жаман іс-әрекеттер таразыланып, әділ жаза беріледі. Хақ Тағала бұл жөнінде қасиетті Құран Кәрімде (Тағабун, 7): «Сондай қарсы болғандар, әсте қайта тірілмейміз деп ойлайды. Оларға айт: Жоқ, Раббыма ант етемін. Әлбетте, өлгеннен кейін қайта тірілесіңдер. Сосын сендерге не істегендерің түсіндіріледі. Осылар Аллаға оңай де»,-деген аят жолында пенде өлгеннен кейін қайта тірілетіндігі баяндалады.

  Бір жанмен таныс болғаныма қателеспесем бес-алты ай болды. Әке-шешесі жоқ жетім келіншек. Кішкентайынан балалар үйінде тәрбиеленген. Кейін 18 жасқа толғаннан кейін мемлекеттен үй алып бөлек шығады. Сөйтіп ол жаңадан өмір бастайды.

Адамзаттың алғаш қолданған сандары – бір мен екі. Екіден артық сандарды – үш, төрт, бес, т.с.с., - алғашқы адамдар айыра алмай, «көп» дей салатын болған.