19
Жұма,
Сәуір

һижри

Исі мұсылман қасиетті Рамазан айына дайындалып жатқанда, Ақтөбеде атыс болып жатқандығы туралы ақпарат тарады. Өңірде бірнеше қару-жарақ сататын дүкендер тоналып, Ұлттық ұланның əскери бөлімшесіне шабуыл ұйымдастырылған. Күтпеген жерден болған келеңсіздік туралы еліміздің ІІМ баспасөз қызметі «дəстүрлі емес діни ағымның радикалдық ұстанушылары болуы мүмкін» деген мəлімдеме жасады.

Дəстүрлі емес діни ағымның радикалдық ұстанушылары асыл дінді бұрмалап, бүлікке алып келді. Мұндай бағытты ұстанушылар біздің елден де бой көрсетіп жүргендігі жасырын емес. Осыған байланысты Ақтөбеде болған оқиға жайында еліміздегі белгілі бірқатар исламтанушы, дін мамандарының пікірін білген болатынбыз. Соларды оқырмандар назарына ұсынғанды жөн санап отырмыз.

Рамазан – барша мұсылман халқы сағына күтетін қасиетті де берекелі ай. Бұл айда адамзаттың ақ пен қараны айыратын сәті, барлық жақсылық атаулының бастау қайнары  көзі саналған, мың айға татырлық әрі 83 жылдың сауабы жазылатын, алғашқы Құран аяттары түсе бастаған Қадір түні бар. Мұсылман қауымы осынау ұлық айды асыға қарсы алып, күнін оразамен, түнін мінәжатпен өткізеді. Қазақ жұртшылығы үшін де мәртебесі биік Рамазан айының қадір-қасиеті мен оразаның мән-маңызы жайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, "Нұр Астана" орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлымен сұхбаттасқан едік.

Дініміздің негізін сақтаушы басты жолдардың бірі – жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю (әл-Әмру биль-мағруф уә нахиу әнил-мункәр). Мағруф – ақыл мен дініміз тұрғысынан жақсылық деп қабылданған нәрселер болса, мункәр – ақыл-санамыз бен дінімізге қайшы құбылыстар.

Алланың қалауымен біз көкке көтерілген әуе кемесі Ыстамбұл шаһарын бес сағатта бағындырды. Ұшақтан түскен бойда әуежайдағы сәні мен сәулеті үйлескен зәулім мешіт бірден көзге түсті. Аспанға ұмтылған Алла үйінің ұзын мұнарасы құдды бізге «мұсылман мемлекетіне қош келдіңіз!» деп тұрғандай сезілді.

Қай заманда болмасын, әрбір халықтың ұлттық құндылықтары оның ұстанған діни сенім-нанымдарын негізге алады. Мәселен, көрші орыс елін алып қарайық.  Олардың мықты жазушыларына назар салайық.

Салафия немесе Уахабия термині Сауд Аравия жерінде 18-ғасырдың аяғында  бастау алған саяси діни қозғалысқа қатысты айтылады. Негізін қалаушы -  Мухаммад ибн Абдул Уаххаб.

Анкарадағы ресми кездесулерден кейінгі сапарымыз Ыстамбұлда жалғасты. Ыстамбұл мүфтилігінің қызметкері Махмұт Түрікұлы бізді әйгілі Топкапыға (сұлтандар сарайы) апарды. Өзі әрі жолбасшы болды. Әрбір сөзі нық, жан-жақты түсіндіреді.

Әл-Азһар мен Қазақ елін қос тарихи мәселе байланыстырады. Біріншіден, Мысыр елінде ханафи мазхабы кең тараған. Қазақ даласына Ислам ханафи мектебімен кіргені белгілі. Екіншіден, әл-Азһардың дамуына біздің ата-бабамыз сүбелі үлес қосқан. Еліміздің белді ғалымдарының тең жартысы (мүмкін басымы) – Мәмлүктер көркейткен білім ордасының түлектері. Ендеше, мың жылдық тарихы бар әлемдік мешіт пен университеттің тарихын қысқа да, нұсқа шолу жасап көрейік.

Халық даналығында «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық» деген мағынасы терең нақыл бар. Ой-санасы бүтін əрбір жан əуелі Алланың қалауымен ананың құрсағында жаратылғандықтан, анаға ерекше құрмет көрсетеді. Əкенің батасы, ананың ризалығынсыз ешкім де қия басып, қарекет қылмайды. Ана – ардақты да асыл ұғым.