24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Обаны қайтаратын 7 аят

Түбі бір түркі жұртының руханиятына айтарлықтай үлес қосқан рухани ұстаздың бірі – Бекасыл Биболатұлы. Сайрам, Қарнақ, Тәшкен, Самарқан, Бұқара медреселерінде білім алды. Елге оралған соң, медресе ашып, бала тоқытты. Қазақтың діни қайраткерлерінің біріне айналды.

Журналист этикасы немесе шариғат нормасы

«Қаламға және қалам иелерінің жазғандарына серт!» («Қалам» сүресі, 1-аят).

Алла Тағаланың қаламға берген қасиеті сондай, қанша заман өтсе де, ғылым, технология дамып, жазу тәсілдері өзгерсе де, қаламның адам өміріндегі маңызы жоғалған емес.

Құрандағы Адам болмысы

Адам баласы өзінің жұмбақ, сан қатпарлы болмысымен таң қалдырады! Расында, адамзат – періштелердің өзін тамсандыратын тамаша қасиеттерімен қатар, жантүршігерлік зұлымдықтарға да бара алатын жаратылыс. Бір бойында сан түрлі қарама-қайшылықтар сапырылысқан пенде өзі туралы не ойламады дейсіз?!

Жүз күннің жүгі...

Асылында, дін қызметкері есеп үшін емес, есеп күні үшін жұмыс істейді. Алланың разылығы, халықтың қамы, қоғамның игілігі үшін қызмет ететін адам осы ниеттің негізінде жанқиярлықпен амал етіп, басын бәйгеге тігеді...

«Балапан қари» балаңызды Құранға баулиды

Бір күні құрбым әңгіме арасында Алматыдағы Байкен мешітінде балаларға құран үйрететін орталық барын айтты. Шыны керек, елең ете қалдым. Бұрын-соңды естімеген едім. Іштей қуанып, орталық туралы сұрай бастадым. Құрбым азды-көпті ақпарат берді де, Instagram желісіндегі парақшаны көрсетті.

Дінді үйреніп жүргенде мына қателіктерден сақ болыңыз

Тарихымыздың 300 жылға жуық отарлық кезеңінде ұлтымызға қарсы жүргізілген қитұрқы саясаттың кері салдары бүгінгі күні анық, айқын көрінуде. Қазірде ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр, дініміз бен діліміздің өзегін түсінуден алшақтап қалған жайымыз бар.

Қадір түнін үйде қалай өткіземіз?

Биылғы Рамазанның қасиетті Қадір кеші мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келіп отыр. Бүгін мешіт таңғы сағат 7:00 мен кешкі 20:00 аралығында жұмыс істейді. Осы ретте баршаңызды Қадір кешін өз үйлеріңізде өткізуге шақырамыз. Тәртіпке бағынуды сұраймыз. Бұл – сіз бен біздің, өз отбасымыз бен ең жақын туыстарымыздың денсаулығы мен өмірінің игілігі үшін қабылданған шара болып саналады.

Бұл он күн – өзіңе есеп беретін, болашағыңа жоспар құратын мүмкіндік. Өткен-кеткен қателіктер көз алдыңнан өткенде Алладан кешірім тілейсің, жоспарыңды Аллаға айтып, көмек сұрайсың. Былтырғы Рамазан мен биылғы Рамазанның қандай айырмашылығы болды? Алламен қарым-қатынаста, адамдармен қарым-қатынаста, мінез-құлықта қандай жетістіктерге жеттіңіз? Өзіңізге сауал қоятын уақыт келді!