21
Бейсенбі, Ақпан

һижри

Жарапазан – насихат жырдың төресі

Хақ дінді қабыл еткен соңғы мың жыл ішінде Ислам өркениеті аясында өмір сүрген Алаш жұртының тіні нәрленіп, діні арайланып, таным көкжиегі кеңейіп, әдет-ғұрпы шариғи рең алып, оған тұрмыс-салты қоса түрленіп, діни жыр-дастандары мен сөз өнері байи түсті.

Тарауық намазына қатысты үкімдер

2018 жылы (1439 һ.ж.) Қазақстанда рамазан айы 17 мамырда басталады. Биыл рамазан айы 29 күн жалғасады, 15 маусым ораза айт мерекесі. Маусым айының 11-інен 12-сіне қараған түні – Қадір түні. Рамазан айынан бір күн алдын, яғни 16 мамырда кешке құптан намазынан соң еліміздің барлық мешіттерінде тарауық намазы оқыла бастайды.

Яссауи - айырықша орыны бар тұлға

Ұлттың ұлттығын қалыптастыратын екі негізгі арна бар. Оның бірі - дін, екіншісі - тіл. Дін - өркениеттің негізі, ал, тіл - ұлттық мәдениеттің өзегін құрайды. Осы екі арнаның бірі суалатын болса, ұлттың болмыстық тіршілігіне нұқсан келгені.

Біздің әлсіз жеріміз

Үйіңізге келіп отырып, өзінің бір істерімен айналысып, бар қажеттіліктеріне қол жеткізіп, сізбен тіпті аман-саулық сұраспай кетіп қалған қонақты елестетіңізші?... Қонақтың бұл қылығының соңы не болары анық! Ал, бұл ерсі қылық апта сайын немесе тіпті күн сайын қайталансша ше? Өкініштісі, өзіміз дәл сондаймыз, тіпті оны байқамаймыз да.

Тәуекел - ер жолдасы

Тәуекел - Ислам дінінде ерекше орын алатын Алла Тағалаға ғибадат етудің жоғары түрі. Қазіргі заманда Ислам дінін ұстанып жүрген мұсылмандар тәуекел етудің маңызын, оның қадір - қасиетіне көңіл бөле бермейді.

Пенденің жасаған амалдары қай уақытта Жаратқанға ұсынылады?

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан «Шағбан - көпшілік адамдар Ережеп пен Рамазан айларының арасында байқаусызда өткізіп алатын ай» деген.

Өзгеруді өзімізден бастау үшін...

Имам – ұлағатты лауазым. Имам  атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, өз арыңдай таза ұстау – әр имамның борышы. Ісіне  деген адалдық  қана оның қадір-қасиетін арттырып, құрметке бөлейді. Жамағатын Алла Тағаланың иләһи ілім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар сілтеу имамның басты еңбегі.  

БІЗГЕ ЖҮРЕК БІРЛІГІ КЕРЕК

Халқымыздың ғасырлар бойы жалғасқан ата танымында бірліктің маңызы айырықша. Дана халқымыз «Бірлік болмай тірлік болмайды», «Байлық – байлық емес, бірлік – байлық» деп бірліктің алдында байлықтың да құнсыз екенін сезінген.

Шарапаты мол Шағбан айы

Берекеті мол айлардың бірі – Шағбан айы. Ол − қасиетті үш айлардың бірі, құлшылықтарымыздың сауабы еселеп жазылатын берекелі айлар. Ай тізбесі бойынша сегізінші айға жатады. «Көптеген жақсылықтардың бастауы» деген мағы-наға ие «шағбан» сөзімен аталған қасиетті ай Ережеп айының бітуінен хабар беріп, Рамазанның жақындағанын сүйіншілейді. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Ережептен кейінгі кезекте Шағбан айына өте-мөте көңіл бөлген.