Ұлпан Жаркинбекқызы: Абай атам даналықтың бастауы

Ұлпан Жаркинбекқызы: Абай атам даналықтың бастауы

Мақалалар
Жарнама

Үш күн бойы жол сапардан шаршаған,

Туған елін,ата – анасын аңсаған.

Бала келеді,жол үстінде аптығып,

Көкейінде сағыныш арман самсаған.

 

Жетті міне туған жерге аңсаған.

Күтіп тұрды оны алдынан сонша адам.

Бала әбден сағынышын жасырмай,

Анасының жетіп келді қасына-ай.

 

Сабырлы да ақылды ана мейірлі,

Өз ұлына жымиыспен кейіді.

Әкеңе бар амандасшы алдымен,

Нұсқау сөзбен айналады,бұйырды.

 

Осылайша жас бала ауылменен,

Табысты дос – жаран бауырменен.

Әкесінің арманы ел билету,

Нақ  жолдарын үйретіп қауымменен.

 

Құнанбайдай болыстың баласы едің,

Дән ішінде бір бидай дарасы едің.

Көңілдерді тербеткен,тебіренткен.

Сөздеріңмен ақылды да данасы едің.

 

Жасыңнан асыл сөзге құмар болдың,

Ұлттық салтты көкейіңе тұмар қылдың.

Көпті көрген Зередей әз әжеңнің,

Әр сөзін жүрегіңе жыр-ән қылдың.

 

Ұлжандай асыл жанды анаңнан,

Тәлім алдың алға бастар сан алуан.

Сол тәлімді біліп тоқып өзіңше,

Оза шықтың жарқырап бір табыңнан.

 

Отты көрсем көзіңнен жарқылдаған,

Болар бала бұл бала деп аңқылдаған.

Барлас пен Байкөкшеге таңқаламын,

Болашағың жарқын деуге тартынбаған.

 

Құнанбай сені сынап көрмек болды,

Қолыңа бар билікті бермек болды.

Өзің үшін дәл сонда билік емес,

Өлең деген өмірлік ермек болды.

 

Мансапқа талай жандар қызығады,

Бәз біреулер билік үшін бұзылады.

Қызықпадың ондайға себебі ата,

Өлең еді-ау серігің қысы-жазы.

 

Сыйлап кеткен өлең-жырын біздерге,

Арнап кеткен өсиетін сіздерге.

Аяқ басып келеміз біз мінекей,

Абай салған даңғыл-даңғыл іздерге.

 

Жырларыңды саралап мен қарасам,

Сыр ұғамын таңғажайып орасан.

Қара сөзің әсіресе ерекше,

Таңғалғандай тіпті мынау ақ аспан.

 

Адамның бір байлығы қайрат деген,

Төзерсің бәріне  де айбатпенен.

Он жетінші қара сөзде баяндап,

Сөз еткенсің барлығын салмақпенен.

 

Тұтқасы өмірдің жүрек деген,

Адамға ол мәңгі тірек деген.

Айрылсаң егер ол жүректен,

Жетпессің мақсатқа білекпенен.

 

Ал ақыл адамның бір байлығы,

Тірегі ол өмірдің айбыны.

Ақылға бәрін жеңдірсең,

Жарқырар адамның ай-күні.

 

Шәкәрімдей немере інің жалынды,

Тәлім алды бір өзіңнен жағымды.

Сол тәлімді санамызға жеткізе,

Сыйлап кетті «Қалқаман мен Мамырды».

 

Асыл сөзді іздегендер өзіңді,

Тауып жатты шырын-шәрбәт сөзіңді.

Абай десе бар қазақты түсінер,

Ұлықтайды мұра бабам көзіңді.

 

Бар қазаққа қашанда дана болған,

Бар әлемге  есімі дара болған.

Абайдай атамның жырлары,

Адалдыққа әмәнда пана болған.

 

Өшірем деп жалынын надандықтық,

Тұтатам деп алауын адамдықтың.

Үлгі етем деп жалауын әділдіктің,

Көтерген туын көкке адалдықтың.

 

Шыңындай Абай ата,асқарымның,

Сырындай Абай ата,дастанымның.

Жырындай Абай ата, жастарымның,

Ұмытылмас қашанда асқақ үнің.

 

Абай ата,қара сөзің біздерге,

Айналды ғой жол көрсетер іздерге.

Сол іздерге аяқ басып келемін.

Жырларыңның тереңіне енемін.

 

Үлгі еткен адамдықты жырымен,

Мұңын жазған жүректегі сырымен.

Заман үнін жырлаған жүректен,

Абай ата асылымыз шынымен.

 

Абай ата асылымыз,алыбымыз,

Өшпейтін мәңгілік жалынымыз.

Жырымен әлемді тербеткен

Сіз дегенде басылмас дамылымыз.

 

Абай атам үлгі еткен адамдық,

Қазағым бойға керек адалдық.

Тек алға ұмтылсаң еңбекпен,

Болар сонда болашаққа қадам.

 

Жауқазын жыр көкейімнен төгілер,

Қаз басқан әр қадамым білінер.

Демеп жібер алып ата жыр деммен,

Інжу-маржан жыр терейін ілігер.

«Абай жолы» романы ізімен жазылған...

Тажибай  Ұлпан  Жаркинбекқызы

Қызылорда облысы,  Қазалы ауданы.

Бөлісу: