Судың да сұрауы бар (видео)

Мақалалар
Жарнама

Хақ тағала адам баласының игілігі үшін деп бізді түрлі нығметпен қамтамасыз етіп қойды. Сондықтан оны қолдануға, тиісті орынға жұмсауға ақылымыз. Дейтұрғанмен, аста-төк әрекетке барып, бос ысырапшылдық жасауымызды Алла құп көрмейді. Құран Кәрімде: «Ішіңдер, жеңдер бірақ ысырапқа жол бермеңдер! Расында Алла тағала ысырап қылушыларды жақсы көрмейді», – делінген.

(«Ағраф» сүресі, 31-аят) Ал, адамазаттың ардақтысы, сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ішіңдер, жеңдер, садақа беріңдер және киініңдер, бірақ ысырапшылдық пен дандайсуға жол бермеңдер», – деп айтқан. Мұсылманға лайықты амал берілген нығметке шүкіршілік жасау. Өйткені, әрбір берілген нығметтің Алла алдында сұрауы бар. Алла тағала бұл жайында былай дейді: «Сол күні (дүниеде берілген) әр нығметтен, әлбетте, сұраққа тартыласыңдар», – деген. («Тәкәсур» сүресі, 8-аят) Халқымыз да: «Судың да сұрауы бар», - деп бекер айтпаған. Сол үшін күнделікті тіршілігімізде көп қолданатын ауызсудың қадірін түсініп, оны текке ысырап етпейік! 

{youtube}mmg-UcSiF9Q{/youtube}

 

«ummet.kz» рухани – ақпараттық порталы

Бөлісу: