Сенің бұл дүниеге келуің осылай басталған. (ВИДЕО)

Мақалалар
Жарнама

Абдулла ибн Масғуд былай деген: “Бізге, шындық айтқан, әрі шынайы хабар қабылдаған, Алланың елшісі (с.а.у): «Шын мәнінде, әрқайсың анасының құрсағында қырық күн бойы ұрық тамшы түрінде қалыптасады, содан соң ол сонша уақыт ұйыған қан түрінде және сонша уақыт бір тістем ет тәрізді болады, содан кейін бір періште жіберіледі де, оған үрлеп жан ендіреді.

Және ол төрт нәрсені – оның ризық-несібесін, ажалын, амалдарын, және оның бақытты не бақытсыз болатынын жазуға бұйрық алады. Одан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ Алламен ант етемін, шын мәнінде, сендердің біреуің жаннатқа қолдың қарындай қалғанша жаннаттықтардың амалын істеп барады, содан кейін (тағдырда) жазылған нәрсе алдынан шығады да, тозақтықтардың амалын істеп (тозаққа) кіреді. Сондай-ақ, , шын мәнінде, сендердің біреуің тозаққа қолдың қарындай қалғанша тозақтықтардың амалын істеп барады, содан кейін (тағдырда) жазылған нәрсе алдынан шығады да, жаннаттықтардың амалын істеп (жаннатқа) кіреді», — деп хабарлады” (Бұхари, Мүслим)

{youtube}fesbv9T03ag{/youtube}

Бөлісу: