Барлығымыз бірдейміз, бірақ бәрібір әртүрліміз

Мақалалар
Жарнама

Жер планетасында ұлты, этникалық құрылымы әртүрлі, түрлі тілде сөйлейтін 1,6 миллиардтан астам мұсылман тұрады, бірақ олардың сенімі бір –Алла Тағалаға деген сенім. Соңғы уақытта біз Қазақстан тұрғындарының араб киімдерін киіп, араб сөздерін қолданып, жергілікті салттар мен дәстүрлерді, мемлекеттік және ұлттық мерекелерді жоққа шығару арқылы араб елдерінің мұсылмандарына ұқсауға тырысып жүргенін байқап жүрміз.

Радикалдық ұйымдар қазақтардың мұндай құбылыстарын өз мақсаттарына пайдалануға тырысады, сол арқылы біздің қоғамда әлеуметтік түрлілік қалыптастырады. Енді мынандай сұрақ туындап тұр, егер бізге араб елдерінің халқы тәрізді киіну керек болса, олар тәрізді араб тіліндегі исламдық терминдерді пайдалану керек болса (бауырым емес ахи және т.б.), онда Алла түрлі этностарды, мәдениетті, тілді не үшін жаратты? 

Бұл сұрақтың жауабын Құраннан және Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) хадистерінен табуға болады. Адамдарға пайғамбарлар мен елшілерді жібере отырып, оның әрбіреуіне бұл шақырудың шынайылығына дәлел бола алатын белгілі бір ғажайыпты берген болатын. Адам Пайғамбардың (ғ.с.) ең үлкен ғажайыбы – Алла Тағаланың оған барлық тілдерді және барлық заттардың атауын білуді сыйлағаны еді. Құранда былай айтылады: «Ол (Алла) Адамды барлық атауларға үйретті» (Бақара 2/31).

Осы аятқа жасаған тәпсірінде Фахруддин Рази былай деді: «Алла Адамға (а.с) үйреткен аттардың ішінде барлық тілдер, оған қоса барлық заттардың мағыналары мен қызметтері бар. Одан кейін Адам (а.с.) бұл білімді өз балаларына берді, балалары ол өмірден өткеннен кейін жердің түрлі бұрыштарына қоныстанып, белгілі бір тілде сөйлей бастады. Осы уақыттан бастап жердің әрбір бөлігінде белгілі бір тіл қолданысқа еніп, өзге тілдер ұмытыла бастады  (Фахруддин ар-Рази, Тафсируль-Кабир,).

«Ишаратуль-Иғжаз» атты тафсирде жоғарыда көрсетілген аятта айтылған «аль-асма» (атаулар) сөзі заттардың маңызы мен қызметтерін; заттарды бір-бірінен ажырататын сынын; сонымен қатар адамдардың сөйлеу тілінбілдіреді делінген.

Осылайша, тілдердің түрлілігінің болуы адамзат дамуы тарихындағы терең мағынаға ие болған, олАлланың «Білуші» деген сипатын көрсетуші болып табылады. Адамдар сөйлесетін тілдердің әртүрлі болуы Алла Тағаланың бар екенінің және оның жалғыз екендігінің бірден-бір дәлелі болып табылады. Өз аяттарының бірінде Алла Тағала былай деген болатын: «Көктер мен жерді жаратуы, тілдеріңнің түстеріңнің, қарама-қарсылығы да Оның белгілерінен. Шәксіз бұларда білгендер үшін белгілер бар» (Рум 22).

Мұсылмандар діни басқармасының қызметкерлерінен бірі Алла Тағаланың біз бір-бірімізді танып-біліп, саяхаттап, әртүрлі елдердің салттары мен дәстүрлері арқылы мәдени баю үшін түрлі мәдениеттерді жаратқанын атап өткен болатын.  «Әлемді тану арқылы біз тілдік, сәулеттік, аспаздық және де жер шарының өзгешеліктерімен өз білім қорымызды толықтырамыз. Біз барлығымыз бірдейміз, бірақ бәрібір әртүрліміз. Және де бұл керемет нәрсе. Осылайша біз Алланың (Ол киелі және ұлы!) ұлылығын танимыз. Біз барлығымыз бір еркек пен әйелден, Адам Ата мен Хауа анадан жаратылғанбыз. Және осыған қарамастан біз әртүрліміз» - деп атап өтті мешіт өкілі.

Алланың өзі бұл туралы Құранда айтады:

«يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنَّا خَلَقْنَاكُم مِّن ذَكَرٍ وَأُنثَىٰ وَجَعَلْنَاكُمْ شُعُوبًا وَقَبَائِلَ لِتَعَارَفُوا ۚ إِنَّ أَكْرَمَكُمْ عِندَ اللَّهِ أَتْقَاكُمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ عَلِيمٌ خَبِيرٌ»

«Әй адам баласы! Шүбәсыз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың. Шәксіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы»(Хужурат 13)

Жоғарыда көрсетілген аятта белгілі бір нәсілге, ұлтқа жату Алла Тағала алдында ешқандай артықшылық емес екенін атап өтуге болады. Артықшылық тек діншілдікте (тақуа), яғни дінге еру мен Алланы тану дәрежесінде. Және егерде адам Алладан қорықса, діншіл болса, оның қай ұлтқа жататынына қарамастан, ол Алланың алдында игі адам болады.

Сөздерді қазақ тілінде түсіндіруге және отандық киім брендтерін қолдап, сол арқылы өз бойындағы отансүйгіштік рухты тәрбиелеуге мүмкіндік бар кезде неліктен сөздік қорымызды араб тілінің сөздерімен толтыруға тырысамыз. Өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтау, сыйлау және ұқыпты ұстауымыз маңызды, себебі бұл Алланың бір заңы.

Оған қоса, бүгінгі күні хижаб мәселесі діни мәселелер арасындағы ең көп талқыланатын және ең танымал тақырыптардың біріне айналып отыр. Білмеген адамдар көбіне хижаб дегенде қара түсті, әйел адамды басынанаяғына дейін жауып тұратын, афгандардың буркасы немесе арабтардың абайясы тәрізді әйтеуір бір экзотикалық киімді елестетеді. Кейбір деструктивті мұсылмандар осы пікірді ұстанады.Олар өз аудиториясына кез-келген киімнің, арабтық абайя немесе түркілік чарфаштан басқасының барлығынәсте хиджаб емес, я да толыққанды хиджаб емес деп оқытады. Сол себепті де қарапайым көйлек немесе белдемше мен сырт көйлек сынды киімдер хиджабтың барлық талаптарына сәйкес болса да, олар үшінбәрібір де ислам дінінің талаптарына сайкиім болып есептелмейді. Қара түсті киімкиюдің міндеттілігі туралы сұрақтардың жауабын Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) хадистерінен табуға болады. Сахих хадистерден Пайғамбардың (с.ғ.с)заманындағы сахаба әйелдер қара түстен өзге түсті хиджабтарды да кигені айқындалады. Айшаның (р.а) жеткізген хадисінде былай келді:

«Рифа'а аль-Қурази өз әйелімен ажырасты, және оған Абдур-Рахман ибн аз-Зубәйр үйленді. Сонда ол жасыл орамал тағып отырған болатын». (аль-Бухари).

«Ибрахим ан-Нахғи бір күні өзінің Әлқамажәне Әсуадпен бірге Пайғамбардың (с.ғ.с.) әйелдеріне барғанын айтты. Сонда олардың үстерінде қызыл түсті киімдерін көрген». (Ибн Аби Шәйба)

«Сағид ибн Жубәйрдың айтуы бойынша, ол Пайғамбардың (с.ғ.с.) Қағбаның айналасын аралап жүрген кейбір әйелдерін көрген, және олардың үстінде қызғылт сары түсті киімдер болған». (Ибн Аби Шәйба)

Жоғарыда айтылған хадистерге сүйене отырып, біз қара киім кию міндетті емес деген қорытынды шығара аламыз. Хиджаб деп (сөзбе-сөз «жамылғы», яғни жауып тұратын) келесі талаптарға сәйкес келетін киімнің барлығын атауға болады: 

  • адамның бетінен, қолдың буынынан басқа бүкіл денесін және ханафи ғалымдарының пікірі бойынша аяқтың табанын  жауып тұрады;
  • кең (дене бітімін көрсетіп тұрмайды);
  • ашық емес;
  • иіссудың (немесе өзге де хош иісті заттардың)иісі шықпайды;
  • өзге адамдардың назарын аудармау үшін, киімдер тым ашық, көз тартар түсті болмауы қажет.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, өз құндылықтарын, мәдениетін және дәстүрлерін ұмытуға болмайды деген қорытындыға келуге болады, себебі Алла Тағаланың мейірімі мен ұлылығын сол арқылы көре аламыз, және осының барлығына көзімізді жұмып, ислам және араб мәдениеті бір деп ойлауға болмайды. Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) араб болғаны, ислам тек арабтарға арналған деген дерекке негіз бола алмайды. Ислам барлық адамзатқа келген, өз мемлекетіміздің мәдени байлығынан бас тартпауымыз қажет. Себебі біз Алла Тағаланың даналығын танып-білуіміз үшін ұлтымыз, ғұрыпымыз, тіліміз, тіпті түріміз де әртүрлі болып жаратылдық. Алланың алдындағы артықшылығымыз тек діншілдігімізде ғана.

Гүлжайна Алтынбекқызы

Ummet.kz

Бөлісу: