Ашура күнінің оразасының үкімі

Мақалалар
Жарнама

Биылғы ашура күні, яғни Мухаррам айының оныншы жұлдызы қыркүйек айының 30-на тура келеді.

 

Бұл күні ораза ұстау сүннет амал болып табылады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл сүннетті ісімен де көрсеткен, сөзімен де бұйырған. Бұл жайында Ибн Аббастан (р.а) жеткен хадисте былай делінеді:

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَدِمَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ المَدِينَةَ فَرَأَى اليَهُودَ تَصُومُ يَوْمَ عَاشُورَاءَ، فَقَالَ: «مَا هَذَا؟»، قَالُوا: هَذَا يَوْمٌ صَالِحٌ، هَذَا يَوْمٌ نَجَّى اللهُ بَنِي إِسْرَائِيلَ مِنْ عَدُوِّهِمْ، فَصَامَهُ مُوسَى، قَالَ: «فَأَنَا أَحَقُّ بِمُوسَى مِنْكُمْ»، فَصَامَهُ، وَأَمَرَ بِصِيَامِهِ

 «Пайғамбар (с.ғ.с) Мадина қаласына келгенде онда яхудилердің ашура күні ораза ұстап жүргендерін көрді де: «Бұл не?»–деп сұрады. Яхудилер: «Бұл жақсы күн, бұл күнде Алла Исраил ұрпақтарын жауларынан аман алып қалған, сол үшін Мұса осы күні ораза ұстаған»–деді. Сонда Пайғамбар (с.ғ.с): «Мен Мұсаға сендерден де жақынмын»–деп осы күні ораза ұстады да, осы күні ораза ұстауға бұйырды». (Бухари)

وعن السيدة عائشة رضي الله عنها: "أن النبي صلى الله عليه وآله وسلم كان يصوم عاشوراء"

 Анамыз Айша (р.а) жеткізген хадисте: «Пайғамбар (с.ғ.с) ашура күні ораза ұстайтын еді»–делінген. (Муслим)

«صِيَامُ يَوْمِ عَرَفَةَ، أَحْتَسِبُ عَلَى اللهِ أَنْ يُكَفِّرَ السَّنَةَ الَّتِي قَبْلَهُ، وَالسَّنَةَ الَّتِي بَعْدَهُ، وَصِيَامُ يَوْمِ عَاشُورَاءَ، أَحْتَسِبُ عَلَى اللهِ أَنْ يُكَفِّرَ السَّنَةَ الَّتِي قَبْلَهُ

Және де Абу Қатададан (р.а) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

«صِيَامُ يَوْمِ عَرَفَةَ، أَحْتَسِبُ عَلَى اللهِ أَنْ يُكَفِّرَ السَّنَةَ الَّتِي قَبْلَهُ، وَالسَّنَةَ الَّتِي بَعْدَهُ، وَصِيَامُ يَوْمِ عَاشُورَاءَ، أَحْتَسِبُ عَلَى اللهِ أَنْ يُكَفِّرَ السَّنَةَ الَّتِي قَبْلَهُ

«Арафа күнінің оразасы, Алла онымен откен және келер жылдың күнәларын кешіреді деп үміттенемін. Және ашура күнінің оразасы. Алла онымен өткен жылдың күнәларын кешіреді деп үміттенемін»–деген. (Муслим)

Сонымен қатар, ашура күнінен бір күн алдын, яғни тасуға күні ораза ұстау да сүннет болып табылады. Тасуға биыл қыркүйек айының 29-на тура келеді. Тасуға күні ораза ұстауға Ибн Аббастан (р.а) жеткен мына хадис дәлел болады:

أن النبي صلى الله عليه وآله وسلم لَمَّا صام يوم عاشوراء قيل له: إن اليهود والنصارى تعظمه، فقال: «فَإِذَا كَانَ الْعَامُ الْمُقْبِلُ إِنْ شَاءَ اللهُ صُمْنَا الْيَوْمَ التَّاسِعَ»، قَالَ ابن عباس: فَلَمْ يَأْتِ الْعَامُ الْمُقْبِلُ حَتَّى تُوُفِّيَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وآله وَسَلَّمَ

«Пайғамбар (с.ғ.с) ашура күні ораза ұстағанда Оған (с.ғ.с): «Расында яхудилер мен насранилер де осы күнді ұлықтайды»–делінді. Сонда Ол (с.ғ.с): «Алла қалап келесі жылға жетсек тоғызыншы күнді де ұстаймыз»–деді. Алайда Алла елшісі (с.ғ.с) келесі жыл келместен қайтыс болды». (Муслим)

Ғалымдардың ашурадан бір күн бұрын ораза ұстаудағы хикметті былай түсіндірді:

Біріншіден: бір ғана оныншы күнмен шектелген яхудилер мен насранилерге ұқсамау үшін;

Екіншіден: Ашура күніне ораза ұстап дайын болып кіру;

Үшіншіден: айдың туылуында қателесудің қаупі. Себебі айдың туылуын байқауда дамдар қателесуі мүмкін. Тоғызы деген күніміз ақиқатында оны болуы мүмкін.

Ашураны ораза ұстамастан атап өтуге бола ма?

Ашура күні отбасымен бірге болып, оларға кеңдік таныту мустахаб амал болып табылады. Абу Хурайрадан (р.а) жеткен хадисте Пайғамбарымыз  (с.ғ.с):

مَنْ وَسَّعَ عَلَى أَهْلِهِ يَوْمَ عَاشُورَاءَ وَسَّعَ اللهُ عَلَيْهِ سَائِرَ سَنَتِهِ

«Ашура күні кім отбасына кеңшілік танытса Алла оған жылының қалған бөлігінде кеңшілік жасайды»–деген. (Байхақи)

Суфиян ибн Уяйяна (р.а) осы хадиске қатысты: «Елу немесе алпыс жылдан бері осыны жасап келеміз, жақсылықтан басқа ешнәрсе көрмедік»–деген.

Ал бұдан басқалай атап өту түрлері шариғатта келмеген. Өлең айтып, би билеу, немесе кей шиға ағымының өкілдері сияқты өзін-өзі ұрып, денесін қан жоса қылу жаман көрілген бидғат болып есептеледі.

Ашура күнінің алдынғы күнін ұстап үлгермеген адамдар ашурадан кейінгі күні ораза ұстаса болады. Ал егер тек бір-ақ күн ораза ұстаймын деушілер болса, онда сол ашура күнін ұстауға шақырамыз.

Ummet.kz

Бөлісу: