Астана туралы қызықты деректер - 2 (ФОТО)

Астана туралы қызықты деректер - 2 (ФОТО)

Мақалалар
Жарнама

Сөз басында айта кетейік, Астана күні 1998 жылдан бері тойланып келеді. 2008 жылға дейін елорданың туған күні маусымның 10-ы күні аталып өтті. Сол жылы заңға өзгеріс енгізіліп, аталған мейрам шілденің 6-сына ауыстырылды. Себебі 1994 жылы 6-шы шілдеде елорданы Алматыдан Астанаға ауыстыру туралы Қазақстанның Жоғары кеңесінің қаулысы шыққан болатын. Осылайша, бұл бастаманың іске асатынына сенбеген кеңес депуттары Президенттің туған күніне «сыйлық» болсын деп, қаулыны қабылдай салған. Алайда артынан осы қаулының негізінде ел тарихында елеулі өзгерістер басталды. Оған бүгінгі елордамыз – Астана қаласы куә. Бүгін біз елордамыз туралы қызықты деректерді ұсынғанды жөн көрдік.

1. Астанада алғашқы жылдары қазақ мен орыс ұлтының үлесі басым болды. Қазақтар қала халқының 41,8 пайызын, ал орыстар 40,5 пайызын алып тұрды. Бүгінде аталған көрсеткіш түбегейлі өзгерді. Қазақтардың саны 75,5 пайызға артты. Демек, елорданы оңтүстіктен солтүстікке ауыстыру бастамасының оң нәтиже бергенін байқауға болады.

aa9856e773bc913b3ea9e2e8a942db66

2. 1998 жылға дейін әлем бойынша бір-ақ қаланың атауы «астана» дегенді білдірген. Ол – Оңтүстік Кореяның Сеул қаласы («сеул» кәріс тілінен «астана» деп аударылады). Оған Қазақстанның Астанасы да қосылды.

9f7c2fdd1e9b58784aa82fed979ddd94

3. 2012 жылы Астана ТМД мен Түркі әлемінің астанасы болып жарияланды.

6f5e066dbbbbeb7651ffdb02ebf5010e

4. «Астана Опера» театры Орталық Азияда ең үлкен театр болып саналады.

6b97ad39f55bb3f8684e81cf797799ee

5. Астанадағы Есіл өзені шын мәнінде су қоймасы болып жасалған. Себебі бас кезінде оның ені 1-2 метр, ал тереңдігі жарты метр болды. Содан оны кеңейту жұмыстары жүргізіліп, қолдан су қоймасы жасалды. Осылайша, жағажайлар пайда болып, кемелер жүре бастады.

659058774c976d31f9ee0e3a7c02fe08

6. Астанадағы ең қысқа көше – Біржан сал көшесі. Оның ұзындығы 358,7 метрді құрайды.

0dd4fa2164905377797605afb27cc4bd

7. «Хан Шатыр» кешені әлем бойынша ең үлкен шатыр болып саналады.

17ab4f7d54ebd5f1da7edabf8243b996

8. Астанадағы ең биік ғимараттардың бірі – Изумрудный кварталдың мұнарасы. 49 қабатты ғимараттың биіктігі 210 метрді құрайды. Алайда салынып жатқан «Абу Даби Плаза» Қазақстанда ғана емес, жалпы Орталық Азия аймағында ең биік ғимарат болады деп жоспарланып отыр. Оның биіктігі 383 (!) метр болмақ.

5fcccdbbb6c4a95f6167ac0aed728d87

9. Астанадағы «Думан» ойын-сауық орталығының океанариумы Гиннестің рекордтар кітабына енді. Себебі ол теңізден ең алыс жерде орналасқан. Жақын теңізге дейін 3 мың киллометр бар. Океанариумда үш миллион литр су бар. Ал оны теңіз суына айналдыру үшін 120 тонна теңіз тұзы жеткізілді.

207c836f48b007ae9182ffd68998d870

10. Астанадағы ең ұзақ от шашу 2013 жылы қала күніне орай соғылды. Сол кезде 100 залп жасалып, салюттың уақыты 15 минутқа созылды.

578b6b170f15be12e7c177b152c1d5c7

Фото:fishki.net, Dmitriy Chistoprudov, zakon.kz, bmtv.kz, tengrinews.kz, maguzz.pt, hostmypics.com, newtimes.kz.

baq.kz

Бөлісу: