Шейх Зайед мешітінің жарықтандыру құпиясы (ВИДЕО)

Шейх Зайед мешітінің жарықтандыру құпиясы (ВИДЕО)

Мақалалар
Жарнама

Сәулет өнерінің жауһары болып табылатын Шейх Зайед мешіті – әлемдегі ең ірі мешіттердің бірі. Ғимараттың сыйымдылығы 41 000 кісі. Мешіт 82 күмбезбен, мыңдаған бағанмен, алтын жалатылған шамдармен және әлемдегі ең үлкен қолдан тоқылған кілеммен безендірілген.

Ең басты намаз залына жарық беретін шамның салмағы 12 тонна, биіктігі 15 метр, диаметрі 10 метр. Бұл көлемі жағынан әлемдегі ең үлкен шамдардың бірі болып саналады. Мешітке есімін берген монарх Шейх Зайед осы ғимараттың  аумағында жерленген. Бұл кісінің жерлену рәсімі мешітте атқарылған алғашқы діни шара болды.

Мешітті қоршай орнатылған хауыздар оның әсемдігін арттыра түсуде. 11 жыл жалғасқан ғимараттың құрылысына шартараптан инженерлер, сәулетшілер, шеберлер және құрылыс компаниялары мен жоба жасаушы фирмалар іске тартылды. Жоба жетекшісі болып Кейт Бредшоу тағайындалды.

0 aa845 19bf3472 orig

Құрылыс басталғаннан-ақ «Speirs and Major» компаниясы ай сәулесін негізгі идея ретінде алды, себебі, Ислам дінінде ай ерекше символ болып саналады. Басқа топтар да осы ойды құптап, ғимараттың ай тәріздес болуын мақұлдады.  

Бастапқыда әрбір орталық күмбезді ай пішінінде салу жоспарланғанымен, мешіттің тым ғарыштық стилде болып кететінін ескеріп, бұл ойдан бас тартты. Келесі жобада ғимаратты айнала қоршаған жұлдыздар шеңберін салу ұсынылды. Бірақ бұл жоба тым қиындығына байланысты қабылданбады.  

antonie robertson szgm 2 2017

Күндіз ғимарат күн сәулесімен ақ және алтын сары  түске боялса, түнде жасанды жарықпен көмкеріліп тұрады. Түнгі жарықтандыру жүйесінің ерекшелігі сол – ай қозғалысына қарай бір түстен екіншісіне боялады. Көк пен ақтың 14 реңі бірінен соң бірі көзге байқалмай, баяу ауысып тұрады. Әдетте театрлар мен кинозалдарда көлеңкелеу мақсатымен қолданылатын көк түс мұнда да түн қараңғылығын беру үшін керек еді.   

«Бұл түн қараңғылығының жарық арқылы берілуі. Біз жергілікті имамдардың алдынан өтіп, олардың рұқсатын да алдық. Олар мұндай жарықтандыру жүйесін мешіт үшін қолдануға болатынын айтты», - дейді Брэдшоу.

0 aa857 6ab60220 orig

Жұмыс тобы қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін театрландырылған жарықтандыру жүйесі керек екенін бірден ұқты, дегенмен сәулетшілер бұл тәсілді ешқашан қолданбаған еді. Театрландырылған жарықтандыру жүйесі әдетте опера, кино және рок концерттер берілетін стадиондарда бір айдан артық қолданылмайды. Мұндай технологияны БАӘ-нің қатал климатында қолданысқа енгізу оңай шаруа емес еді. Себебі, жарықтандыру жүйесі ауа райының оқыс өзгерістеріне, жаңбырға және құмның әсеріне төзімді болуы керек-тін. Тамыз айында ауа-райының 40°C-қа төмендеген кезінде жарықтандыру шамдары 60°C-қа шыдас беруі керек. Абу-Дабидегі қатал ауа-райы шарттарында шамдардың еш бұзылмай жұмыс істейтініне көз жеткізу үшін бір нұсқасын Лас-Вегастағы биік ғимараттың шыңына орнатылса, келесі бірі Даниядағы су тереңіне сүңгітілді.

 

Аударған Жұмабекқызы Индира

Бөлісу: