20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Иман – жеті негізден тұрады

Қазақ халқының діни қайраткерлері саналатын Шәкәрім Құдайбердіұлы және Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы сынды ұлы тұлғалардың еңбектерін оқу барысында да иманды жеті негізге бөліп түсіндіргенін көреміз.

«Иман мәселесіне жалпылама сену жеткілікті ме, толық білу шарт па?»

Матуриди мәзһабының белді ғалымы имам әл-Бәздауи, өзінің «Усулуд дин» атты еңбегінде «Иман мәселелеріне жалпылама сену жеткілікті ме, әлде егжей-тегжейлі білу шарт па?» деген тақырып аясында ақида мәзһабтарының ұстанымдарына былай тоқталады:

Тақлид (көрсоқырлықпен еліктеушілік)

Ақыретті мойындамаудың ең маңызды себептерінің тағы бірі – ақиқатт үйренуде өзінің ақыл-парасатын, ерік-жігерін қолданбау. Істің ақ-қарасын ажыратпай, алдыңғылардың жолымен жүру. Міне, бұл тақлид делінеді.

Имам Тахауи – ханафи мазһабының бетке ұстар тұлғасы

Қазақ халқының ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан діні – Ислам, шариғаттағы амал мазһабы – ұлы имам Әбу Ханифаның мазһабы. Ал діни дүниетанымдық ұстанымы Исламның негізгі қайнар бұлақтары – Құран мен Пайғамбардың (с.а.с) сүннетіне негізделген сүннет және жамағат жұрты, оның ішінде Әбу Мансұр әл-Матуридидің мектебі болып табылады.

Шииттердегі он екі имам сенімі

Бүгінгі күні әлем мұсылмандарының 90 пайызын сүнниттер құраса, қалған 10 пайызын шиттер құрап отырғаны белгілі. Араб тілінде «шиа» бөлік, жақтас, қолдаушы, көмек беруші, әлдекімнің соңынан еруші деген секілді мағыналарды білдіреді. Шииттер сенімінің бір өзгешелігі, он екі имамға сенуді құп көретіндігінде.

Алланы тануда ақыл және білімнің орны

Сенім мәселелеріне қатысты жазылған еңбектерден ақыл иесі болған адам баласы пайғамбар дағуаты жетпеген жағдайда, ақылымен Алла Тағаланы танып, білуге ақыл жеткілікті ме? Әлде настың (Құран, сүннет) болуы шарт ба? Немесе әрбірінің (нас пен ақыл) өз ерекшеліктері бар ма?

Ақыретке иман етуге тосқауыл болатын себептер

Ислам дінінде иман негіздерінің бірі, ол – ақыретке иман. Ақыретке иман «ағартушылық» деп аталатын дәуірден бастап материалистік түсінік тарапынан жоққа шығарылып, көпшілік тарапынан мойындалмай келді.

Қияметтің кіші белгілері: Фитналардың кең тарауы

Фитна – араб тілінде «сынақ», «азғыру», «бүлік», «ылаң», «іріткі» т.б. мағыналарды білдіреді. Бұл жерде «бүлік», «ылаң», «іріткі» деген мағынада.

Адам баласы не себепті өлімді жек көреді?

Өлім келіп, жан шығуға таяғанда адам баласы бұл дүниені қимайды. Тіпті онда әлі де қала тұруды армандайды. Бұл сәтті Алла тағала Құранда: «Қашан олардың біріне өлім келгенде, ол: «Раббым! Мені артқа (дүниеге) қайтарыңдаршы. Қалдырған нәрсемде (дүниеде) ізгі амал істейін»,—дейді. Олай емес! Негізінде, бұл—ол айтатын бір сөз ғана. Олардың алдында олар қайта тірілтілетін күнге дейін барзах бар», – деп әңгімелейді.

Ағраф – жәннат пен тозақтың арасындағы бір мекен

Алла тағала әлемдерді жаратып қана қоймай, әр әлемнің өзіне тән тұрғындарын, олардың ризық-несібелерін де жаратты. Сондай-ақ әрбір құлының бұл дүниедегі жасаған амалқұлшылығына сай баратын, ақыреттік мекендері – жәннат пен тозақты да жаратты.

Алла Тағаланың өзгермейтін қағидалары

Жер бетінде болып жатқан барлық құбылыстар, Алланың барлық нәрсені қамтитын білімі мен шексіз хикметінің шарты ретінде, қойған заңдылықтарының шеңберінде жүзеге асады.