26
Жұма,
Сәуір

һижри

Адам өлгеннен кейін қайта тіріле ме?

Исламның иман негізі әуелі Аллаға сенумен болады. Құранда Аллаға, ақырет күніне сенуге шақыратын аяттар көп. Ақырет күніне сенімнің мәні – өлгеннен кейін қайта тірілудің хақ екендігіне сенумен байланысты. Ал сол қайта тірілу әһли сүннет сенімі бойынша, әрі тәнмен, әрі жанмен болады.

Исламдағы Мәһди деген кім? Ол қашан келеді?

Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ақырзаманға байланысты айтқан хадистері ішінде әһли бәйттен, яғни, Пайғамбар ұрпағынан Мәһди есімді бір кісінің келетіндігі айтылады. Мәһди – тура жолға бастаушы деген ұғымды білдіреді.

Пайғамбарларға иланбау – Алла Тағаланы жоққа шығарумен тең

Пайғамбарларға сену – иманның негізгі  шарттарының бірі. Бұл шындықты Құранның: «Кім Аллаға, ақырет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе… міне солар шыншылдар, әрі солар тақуалар», – деген аяттарынан көруге болады.

Хамәлат-ул Арш періштелерінің қызметі

Бұлар аршты көтеретін (қалай көтеретіні бізге беймәлім) періштелер. Хамәлат-ул Арш періштелерін үлкен төрт періштеден кейінгі Аллаға жақын періштелер деуге болады. Бұл тақырыпқа қатысты Құранда төмендегідей аяттар бар:

Сенім тұрғысынан адамдардың дәрежелері

Пенденің сенім тұрғысынан дәрежелері болады. Құранда Жаратушыға иман ету мен иман келтірмеу тұрғысынан адамдардың діни дәрежесі әртүрлі болатындығы анық түрде баян етілген.

Шариғат – адамзат өмірін тәртіпке келтіретін басты құрал

Ислам шариғаты адам өмірін жан-жақты қамтып, әр адамның ана құрсағындағы нәрестелік кезеңінен бастап қабірге қойылу кезеңіне дейінгі  өмірін толығымен өз қамқорлығына алған. Шариғат адамзат өмірін барлық жағынан төмендегідей тәртіпте ретке келтірген:

Шариғат пен фиқһ ұғымдарының айырмашылығы

Фиқһ – шариғаттың практикалық бөлігі. Шариғат Алла Тағаланың құлдары үшін сенім мен амал тұрғысынан жүзеге асуын талап етіп бекіткен, Құран мен сүннетте көрініс тапқан заңдары мен нормалары. Сенім тұрғысынан жүзеге асуын талап еткен бөлігін кәлам немесе таухид ілімі, ал амал тұрғысынан талап еткен бөлімін фиқһ ілімі зерттейді. Осы тұрғыда шариғат пен фиқһ ұғымдарының парқын айыра тануымыз қажет:

Иман – тілмен айту, жүрекпен сену, денемен құлшылық жасау

Хадис ғұламалары (барлығына Алланың рақымы жаусын): «Иман – тілмен айту, жүрекпен сену және денемен жасалатын амал-құлшылықтан тұрады», деген. Біздің  (матуридия) ғұламалардың көбі: «Иман – тілмен айтып, жүрекпен сену» десе, Жаһм  ибн Сафуан мен қадария ағымының өкілі Хусайн ас-Салихи: «Иман дегеніміз – білу» деген.

Ислам ақидасының орта жолды ұстану себебі

Ислам ақидасы бірқатар сенім жүйелерімен салыстырғанда (табиғаттан тыс күштерге, өзге де беймәлім алапат күштерге, бір құдайға емес, бірнеше құдайға сенім, адам өлгеннен кейін оның жаны басқа тәнге өтетініне сенім т.б.) нағыз орта жолды ұстанады.