19
Жұма,
Сәуір

һижри

Егер Әбу Ханифа мәзһабын ұстанбасақ...

Ұлық имам – имам Ағзам Әбу Ханифа қашан да ғұмыры мен бар мал-мүлкін Алла разылығы жолында жұмсап, келер ұрпаққа жақсы өнеге қалдырды.

Ислам шариғатының бес ерекшелігі

Біріншіден, ислам шариғатының бастауы да, асыл мақсаттары да, бағыт-бағдары да – Алла Тағаладан. Ол – ешбір періштенің, ешбір жынның, ешбір адамның ойы араласпаған қасиетті уахи. Уахи ұғымы шариғатта Құран мен сүннетті бірдей қамтиды.

Ихсан – Алланы көріп тұр­ғандай оған кұлшылық ету

Бірде Жәбірейіл періште саха­баларымен отырған Пайғам­бары­мызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ақ киім киген жо­лаушы кейпінде келіп, көпші­ліктің көзінше былай дегенін хазіреті Омар (Алла оған разы бол­сын) баяндайды:

Күнəдан тəубеге келудің үш шарты

Ислам ғалымдары жасалған күнəнің Аллаға асылық болып, кісі ақысына қатысы жоқ болса, мұндай күнəдан тəубеге келудің үш шарты барын айтқан.

«Тәуәссул» деген не? Ол дінде бар нәрсе ме?

Тәуәссулдің сөздік мағынасы «белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін қандай да бір себеп, құрал қолдану» дегенді білдіреді. Мысалы, бір жерге бару үшін көлік қолдану да тәуәссулге жатады. Ал шариғатта тәуассул деп: «Дұғаның қабыл болуы үшін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) немесе басқа бір аса тақуа адамның құрметін себепкер етуге айтылады. Мысалы, «Уа, Алла Тағалам, соңғы пайғамбар әрі сенің сүйікті құлың Мұхаммедтің (с.а.у.) құрметіне менің мына дұға-мінәжаттарымды қабыл ала гөр» деп тілек тілеу секілді. Шариғатта тәуассулдің басқа да түрлері бар. Оны төменде арнайы түсіндіреміз.

Ихсан – басшыға да, қосшыға да керек ілім

Жүрегінде иманы, ар-ұяты бар мұсылман ешқашан өзге жандар үшін тілімен де, ісімен де зиян тигізбейді. Мына дүниеде жасаған жақсы-жаман іс-амалына ақыретте жауап бере­тінінен қорқады, жасаған жақ­сы­лығының бақытқа, ал жаман­дығының зиянға себепкер бо­ла­тынын жадында ұстайды.

Неге мәзһабтар арасында айырмашылық бар?

Бұл айырмашылықтардың қаншалықты жөн, қаншалықты теріс екенін төменде қарастыратын боламыз. Бірақ одан бұрын осы қате түсінікке себеп болған нәрсеге тоқталу керек сияқты.

Сахих хадистер тұрғанда мәзһабтарға қандай қажеттілік бар?

«Қазіргі таңда хадис кітаптары алдымызда, қай хадистің сахих, ал қайсысының әлсіз екені де белгілі. Олай болса, мәзһаб ұстанудың қажеттілігі жоқ» дейтін түсінік мүлде дұрыс емес. Олай дейтініміз: Біріншіден, фиқһта тек қана сахих хадистермен емес, кейде әлсіз хадиспен де амал етіледі.

Сәләфия ағымын ұстану – бұрын болмаған бидғат

«Әһли сүннә уәл жамаға» немесе «ұлы көпшілік-сауад-ағзам» деген сипат Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисі мен сәләфус-салихин ұлықтарының ижмасымен бекітілген сөздерге сүйенеді. Сондықтан бүгін бір адам өзін «әһли сүннә уәл жамаға» деп танытса, ол Құран мен сүннет қолдамайтын жаңа сипат ойлап тапқан болмайды.

Бірнеше мәзһабтың болуының хикметі не?

Ислам – жеңілдік діні. Бір дінде бірнеше (яғни, төрт) мәзһабтың болуы Алла Тағаланың адам баласына тарту еткен кеңшілі екендігін фықһи мәселелерден байқау қиын емес.