27
Сейсенбі,
Шілде

һижри

Алла тағала өмірді неге жаңбырға теңеген?

Алла Тағала былай деген: (Мұхаммед с.ғ.с) оларға дүние өмірінің мысалын бер: (Өмір) біз көктен жаудырған жауын сияқты. Ол арқылы жердің өсімдіктері бір-біріне араласып, құлпырады. Содан соң ол жел ұшырып әкететін құрғақ үгіндіге айналады. Сондай-ақ, Алла барлық нәрсеге үстем Күш иесі» (Кәһф» сүресі, 45-аят).

Дүниедегі ең залым адам кім?

«Ниса» сүресінің 48-аятында: "Алла тағала Өзіне ортақ (серік) қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ, кім Аллаға ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнәлі болады",-деп әмір етілген. 

Ихсан – әлемдегі өзекті мәселе

Ихсан – сүннет, әсіресе қазіргі әлемде өзекті мәселе болып табылады. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті туралы айтқан кезде, біз көбіне Пайғамбардың насихаты бүкіл өмірімізді қамтитынын ұмытып, ғибадатқа қатысты нұсқамаларды ғана түсінеміз: тамақтану ережелерінен бастап, басқалармен қарым-қатынасқа дейін.

Уаһһабилік ағымның Қазақстанға келуі

Уаһһабилік идеология өкілдері өздерін «салафиміз» деп атағандықтан осы атпен таныла бастады. Салафилік идеологияны қолдаушылар Ислам әлемінің көптеген елдерінде белсенді жұмыс жасауда. Кеңес Үкіметі құлағаннан кейін Орта Азия елдеріне, соның ішінде қазақ жеріне тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда келе бастады. Салафилік идеология өкілдері елімізде алғашқы кезде қайырымдылық қорлар ашып, діни сауат ашу курстарын, араб тілін үйрететін оқу орындарын ашып, көптеген жастардың санасын улады.

Мәзһаб ұстанудың қажеттілігі

«Мәзһаб» сөзі жол, бағыт, көзқарас деген мағынаны білдіреді. Шариғатта – арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарастар негізінде қалыптасқан діни мектеп деген мағынада қолданылады.

Алланың атынан үкім бере аламыз ба?

Мұсылман өзгелерге Исламды үйреткенде оларды шошытпауы, үркітпеуі шарт. Ислам – бейбітшілік, рақым-шапағат, кеңпейілділікті қамтыған Хақтың діні.

Ширктен кейінгі ең үлкен күнәні білесіз бе?

«Ниса» сүресінің 48-аятында: «Алла тағала Өзіне ортақ (серік) қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ, кім Аллаға ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнәлі болады»,-деп әмір етілген.

Ханафилерді неге Матуридилер деп атайды?

«Әбу Ханифа фиқһпен қатар, ақида саласында да имам. Ал олай болса ханафилер неге Әбу Ханифаның көзқарастарын емес, матуридилікті ұстанады?» деген мәселеге қысқаша тоқтала кетейік.

Абай айтқан есті адам болудың жолы қандай?

Ибраһим (Абай) Құнанбайұлы өзінің он бесінші қара сөзінде: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?» – деп, адамды өз-өзінен есеп алуға шақырады.

Қа­жы­лық ғи­ба­да­тын­да қа­жы­лық­тың па­рыз­да­ры мен шарт­та­ры­нан бас­қа уәжіп мін­дет­тер бар. Қа­жы­лық­та уә­жіп­тер­ді ша­ри­ғат­та үзір са­на­ла­тын себептер­сіз тас­тау – тах­ри­ман мәк­рүһ яғ­ни, ха­рам­ға жа­қын мәк­рүһ.

Уаһһабилердің діни түсінігі

Мұхаммед ибн Абдулуаһһабтың сенімі мен көзқарасын жазған еңбектерінен байқауға болады. Ол бірнеше кітап жазған. Солардың ішінен ең танымалысы «Китабут-таухид» (Таухид кітабы), «Кәшфуш-шуһубат» (Күмәнді нәрселерден арылту) және «Китабул-усулис-сәләсә» (Үш негіз кітабы). Міне осы еңбектерінде таухид, ширк, бидғат мәселелеріне кеңінен тоқталады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб Ибн Тәймияның (1263-1328 ж.), Ибн Қайюм әл-Жәузидің еңбектерімен танысып, олардың пікірлерін қолдайды. Мұхамед ибн Абдулуаһһаб «Кәшфуш-шуһубат» атты кітабында амал иманның бір бөлігі, амал етпеген мұсылман болмайды деп кесіп айтады.