17
Жексенбі, Ақпан

һижри

Адамның ерік-жігері мен қалау еркіндігі

Жаратушы алдында пенденің жауапты болуы не болмауы екі тұрғыда қарастырылады. Біріншісі - адамның қалауымен яғни ықтиярымен, екіншісі - пенденің қалауынан тыс болатын әрекеттер. Шариғатта бұны ихтияри (қалауымен) және изтирари (мәжбури) әрекеттер деп атайды.

Адам тағдырының жазылу мәселесі

Алла Тағаланың шексіз ілімі – өткенді, қазіргіні және келешекті де бірдей қамтиды. Сондықтан Жаратушының назарынан еш нәрсе тыс қалмайды. Құранда бұл мәселе жайында көптеген аяттар бар. Мысалы: «Алла олардың істегендерінің бәрін толық біледі» (Нұр сүресі, 41). «Алла олардың өткенін, келешегін біледі. Өзгелер оны толық білмейді» (Таһа сүресі, 110).

Исламның иман негізі әуелі Аллаға сенумен болады. Құранда Аллаға, ақырет күніне сенуге шақыратын аяттар көп. Ақырет күніне сенімнің мәні - өлгеннен кейін қайта тірілудің хақ екендігіне сенумен байланысты.

Тағдыр мен қазаға иман

Иман шарттарының алтыншысы – тағдырға иман. Тағдыр – араб тіліндегі «қадар» деген сөзден шыққан. «Өлшеу, бір нәрсені белгілі бір өлшем бойынша жарату, белгілеу» дегенді білдіреді.

Ақыретте болатын жағдайлар

Күллі адамзат қайта тіріліп, Аллаға есеп беру үшін махшар алаңына жиналады. Махшар алаңына жиналған адамдар рет‑ретімен төмендегідей кезеңдерден өтіп, соңында жәннәтқа лайықтыларына жәннәт бақыты, тозаққа лайықтыларына тозақ азабы бұйырады.

 Алла Тағала алдымен топырақтан пішін жасап адамды бейнелеп, артынан оған жан бергендіктен, пенде жан мен тәннен тұрады. Адам өмірі төрт кезеңнен тұрады.