26
Дүйсенбі, Тамыз

һижри

Тағдыр мен қазаға иман

Иман шарттарының алтыншысы – тағдырға иман. Тағдыр – араб тіліндегі «қадар» деген сөзден шыққан. «Өлшеу, бір нәрсені белгілі бір өлшем бойынша жарату, белгілеу» дегенді білдіреді.

Ақыретте болатын жағдайлар

Күллі адамзат қайта тіріліп, Аллаға есеп беру үшін махшар алаңына жиналады. Махшар алаңына жиналған адамдар рет‑ретімен төмендегідей кезеңдерден өтіп, соңында жәннәтқа лайықтыларына жәннәт бақыты, тозаққа лайықтыларына тозақ азабы бұйырады.

Исламның иман негізі әуелі Аллаға сенумен болады. Құранда Аллаға, ақырет күніне сенуге шақыратын аяттар көп. Ақырет күніне сенімнің мәні - өлгеннен кейін қайта тірілудің хақ екендігіне сенумен байланысты.

 Алла Тағала алдымен топырақтан пішін жасап адамды бейнелеп, артынан оған жан бергендіктен, пенде жан мен тәннен тұрады. Адам өмірі төрт кезеңнен тұрады.

Күнделікті тіршіліктің пәни екендігін бәріміз мойындаймыз. Себебі, осы уақытқа дейін қаншама милиардтаған адам бұл дүниеге қонақ болып кетті және әлі де қаншамасы келіп кетері сөзсіз.

«Ақырет» сөзі - соңғы деген ұғымды білдіріп, дүние тіршілігінің соңғы уақытын, біткенін білдіретін діни термин. Аят пен хадистерде ақырет, қиямет, ақырзаманның күмәнсіз болатыны білдіріледі.

Қасиетті кітабымыз Құран Кәрім Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) уахи арқылы түсті. Уахи сөзі - жасырын сөйлесу, сыбырлау, айту, сөйлеу, ишара ету деген мағыналарға келеді.