Ақырет амалдарының өлшемі қандай?

Ақырет амалдарының өлшемі қандай?

Ақида
Жарнама

Ақырет күніне сену адамның жауапкершілік сезімін арттырады. Жауапкершілікті сезінген адам іс-әрекеттеріне көңіл аударып мұқият болады.

Мына дүниеде әр тауардың өз өлшемі болады. Мәселен, жеміс – килограммен, алтын – граммен, гаухар тас – каратпен өлшенеді. Ал, ақырет амалдары ше? Ол тозаңның түйірімен өлшенеді.

Өлшенетін заттың құны артқан сайын оны өлшеудің түрі де ерекше бола түседі. Алла Тағала: «Кім тозаңның түйіріндей жақсылық жасаса, ол оны көреді. Ал кім тозаңның түйіріндей жамандық  жасаса, ол оны көреді» деген («Зилзәла» сүресі, 7-8 аяттар).

Ақырет күнінде Алланың әділеті орнайды: Жақсылық жасаған адамдарға істеген жақсылықтарының сыйы, сауабы, жемісі артығымен беріледі. Әділетсіздікке ұшырағандар ақыларын алады. Залымдар да істегендеріне қарай жазасын тартады. Осындай сенім адамды ты-ныштандырып, жұбатып, қайғы-мұңын азайтады.

Ақырет күніне сенген адам Алланың әмірлерін орындап, тыйым салынған нәрселерден бойын аулақ салу арқылы ақыретке дайындалады. Дайындалып жолға шыққандар тамаша өмірге қол жеткізеді. Алла бұл жайында “Азық жинаңдар” деп қай уақытта да дайын болуымызды нұсқаған.

ummet.kz

Бөлісу: