Ислам дініндегі еті желінетін және желінбейтін хайуандар

Ислам дініндегі еті желінетін және желінбейтін хайуандар

Ақида
Жарнама

Еті желінетін және еті желінбейтін, тек қана құрлықта өмір сүретін хайуандар үшке бөлінеді:

1.  Шегіртке,  құмырсқа,  шыбын,  ара,  өрмекші тәріздес  денелерінде  қаны  болмайтын  хайуандар. Бұлардың ішінде тек қана шегіртке желінеді. Өйткені бұлар – адамзат табиғатында жиркенішті және тіксінтетін жаратылыстар.

2.  Кесіртке, жылан, кене, бит және тышқан, кірпі, сияқты қаны бар, бірақ ақпайтын хайуандар. Бұлардың ешқайсысының еті желінбейді.

3. Ағатындай дәрежеде қаны бар хайуандар қолда бағылатын үй жануарлары және қолда бағылмайтын жабайы аңдар болып екіге бөлінді. Қолда бағылатын түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі, тауық, қаз, үйрек тәріздес барлық жануарлардың еті желінеді. Есек пен қашыр, шошқаның еті желінбейді. Жабайы хайуандардан арыстан, барыс, қабылан, қасқыр, піл, қабан шошқа, маймыл, шиебөрі тәріздес жыртқыш тістері бар және шабуыл жасайтын хайуандар мен қаршыға, бүркіт, сұңқар, күшіген сияқты жыртқыш топшылары бар хайуандар желінбейді.

материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды

ummet.kz

Бөлісу: