Имам Матуридидің шәкірттері мен ізбасарлары

Имам Матуридидің шәкірттері мен ізбасарлары

Ақида
Жарнама

Шәкірттері:

Имам Матуридидің ұстанымдарын шәкірттері жалғастырған. Олар:

1. Қазы Әбул Қасым Исхақ ибн Мұхаммед әс-Самарқанди (342/953).

2. Әбул Хасан Әли ибн Саид ар-Рустуғфани әл-Ханафи (345/956).

3. Әбу-л Ләйс әл-Бұхари ас-Самарқанди (373/983).

4. Әбу Мұхаммед Абду-л Кәрим ибн Мұса ибн Иса әл-Паздауи (390/1000).

5. Әбу Ахмед әл-Ийади (IV/X ғасырдың басы).

 

Ізбасарлары:

Матуридилік жүйесі мен ҽдісін ұстанған және осы жолда еңбек етіп танымал болған көптеген ғалымдар болған. Олардың ең бастылары мыналар:

1. Садру-л Ислам Әбу-л Юср Мұхаммед әл-Паздауи (1027-1099).

2. Әбу-л Муин Мәймун ибн Мұхаммед ән-Нәсафи (508/1114).

3. Ферғаналық Сиражу-д дин Әли ибн Осман әл-Уши (Оши) (-1179).

4. Әбу Мұхаммед Нурад-дин Ахмед ибн Махмуд ибн Әбу Бәкір ас-Сабуни әл-Бұхари (580/1184).

5. Камаладдин ибнул Хуммам (1388-1457).

6. Мұхаммед ибн Абдурразақ Хұсейн Забиди (1732-1791).

7. Алауид-дин Әбу Бәкір ас-Самарқанди (540/1145).

8. Бурхан ад-дин ән-Нәсафи (687/1289).

9. Әбул Бҽракат Хафизуд-дин Нҽсафи (-710/1310).

10. Молла Әли әл-Қари атымен танылған Ханафи фақиһ ғұламаларының бірі Әбул Хасан Нуруддин Әли ибн Сұлтан Мұхаммед әл-Қари (1014/1605) сынды тәпсір, әдебиет және тарих саласын жетік меңгерген ғалымдардың да Матуриди мектебіне сіңірген еңбегі зор.

Бұдан басқа бертін келе яғни, XIX-XX ғасырларда ғұмыр кешкен Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Ыбырай Алтынсарин т.б. сияқты қазақтың қай ғұламасын алсаңыз да ақидада Матуриди сенімін, амалда ханафи мәзһабын ұстанғандығы, яғни қазақ даласына 13 ғасыр бұрын келіп орныққан дҽстүрлі Ислам жолынан ауытқымағанына тарихи деректер айқын дәлел.

материал «Асылдың сынығы Имам Матуриди» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: