Бұл дүние игіліктері Жәннат игіліктеріне жетуге кедергі ме?

Бұл дүние игіліктері Жәннат игіліктеріне жетуге кедергі ме?

Ақида
Жарнама

Жәннат игіліктері бұл дүние мен оған қатыстылардан бас тартуды талап етпейді.

Алла тағала: «(Мұхаммед! Оларға): «Алланың пенделеріне көркем етіп шығарған нәрсесін және берген жақсы несібелерін кім харам етті», – де. Бұл несібе дүние тіршілігінде иман келтіргендер үшін», – деген. Яғни мүміндер үшін дүние мен ондағылардан пайдалануға ешқандай тыйым жоқ, тек адал болса болғаны.

Алайда иманды кісі дүние мен Ақырет істерін қатар ұстаса да, Алланың разылығы мен Қияметте жүзін жарық қылар нәрсені жоғары қояды. Өйткені нағыз абырой – Ақыреттегі абырой, шынайы бақыт – Қияметтегі бақыт. Әрбір адам өз жұртына асығады. Ал мүміндердің жұрты – Алла тағаланың оларға әзірлеген Жәннаты.

материал «Кемелдік кілті» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: