Дәжжалдың фитнасынан сақтану жолдары

Дәжжалдың фитнасынан сақтану жолдары

Ақида
Жарнама

Дәжжал адамзат тарихында ең үлкен фитна болғандықтан, ол туралы айтпай қалған пайғамбар болмаған. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қауымына Дәжжалды, бір көзі соқыр суайтты ескертпеген бірде-бір пайғамбар жіберілмеген.

Оның бір көзі соқыр емес пе? Ал Раббыларыңның бір көзі соқыр емес қой?! Оның екі көзінің арасына кәпір деп жазылған», – деген. Әсіресе ақырзаман үмбетінің пайғамбары Мұхаммед (с.а.с.) Дәжжалдың сипаттарын атап көрсетіп, онымен кездескен адамға одан құтылу жолдарын соқырға таяқ ұстатқандай етіп үйретіп кеткен. Енді Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бізге үйреткен Дәжжалдан сақтанудың жолдарына тоқталайық:
1. Дәжжалға қарсы тұру үшін Ислам дініне бекем болып, иманмен қарулану керек. Жаратушы Алла тағаланың есімдері мен сипаттары бар. Сол есім-сипаттарында Оған серіктес ешкім жоқ. Солармен таныс болу керек. Мысалы, Дәжжал ішеді, жейді, ал Алла ондай сипаттардан пәк. Дәжжалдың бір көзі соқыр, ал Алланың бір көзі соқыр емес. Алланы ешкім дүниеден көз жұмбайынша көре алмайды, ал Дәжжалды барша адамдар көреді.
2. Алла тағаладан Дәжжалдың фитнасынан пана сұрау, әсіресе намазда. Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Егер біреулерің тәшаһһуд оқып болса, Алладан төрт нәрседен пана сұрап: «Уа, Алла! Сенен мен тозақ азабынан, қабір азабынан, өмір мен өлім сынағынан және Мәсих Дәжжалдың фитнасынан пана сұраймын», – деп айтсын», – деген.
3. «Кәһф» сүресінің алғашқы он аятын жатқа білу. Ән-Наууас ибн Самған (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Кім оны көрсе, «Кәһф» (сүресінің) алғашқы он аятын оқысын!» – депті.
Әбу Дәрдә (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Кім «Кәһф» сүресінің әуелгі он аятын жаттаса, Дәжжалдан құтылады», – деп айтқан.
Ғұламалардың айтуынша, мұнда бізге тарих беттерінен белгілі, имандарын, діндерін сақтап қалу мақсатында үңгірге келіп паналаған жас жігіттердің оқиғасымен сабақтастық мағына жатыр.
4. Одан қашып, жолықпауға тырысу керек. Имран ибн Хусайн (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Кімде-кім Дәжжал жайлы естісе, одан қашсын! Алламен ант етейін! Өзін мүмін санап келген кісі көңіліне ұялаған күдік-күмәндары себепті оған еріп кетеді», – деген.

материал «Ақырет өткелдері» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: