Мына он нәрсені көрмейінше, қиямет-қайым болмайды

Мына он нәрсені көрмейінше, қиямет-қайым болмайды

Ақида
Жарнама

Хузайфа ибн Әсид әл-Ғыфариден жеткен риуаят бойынша, Хузайфа (р.а.) былай дейді:

«Біз Мәдинада бір қорғанның көлеңкесінде отырғанбыз. Пайғамбарымыз бір шатырдың үстінде отырған еді. Сол сәтте Алланың Елшісі (с.ғ.с.) жоғарыдан бізге қарап тұрып: «Сендерді жұмыстарыңа қандай мәселе жібермей тұр?» – деп сұрады. Біз: «Сөйлесіп отырмыз», – дедік. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Не мәселе жайында сөйлесіп отырсыңдар?» – деді. Біз: «Қиямет қайымның уақыты жайында әңгімелесіп отырмыз», –  деп жауап бердік. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сендер мына он нәрсені көрмейінше, қиямет қайым болмайды», – деді:

1. Тұманды (түтін) 
2. Дәжжалды
3. Даббатул арзды
4. Күннің батқан жақтан шығуын
5. Хазіреті Исаның (ғ.с.) көктен түсуін
6. Яжуж-Мәжуждың шығуын
7. Шығыс жақтағы бір жердің шөгуі 
8. Батыс жақтағы бір жердің шөгуі 
9. Араб түбегіндегі бір жердің шөгуі 
10. Иеменнің Аден жазығының ең шалғайынан бір от шығады. Ол от барлық жерді өртеп отырып, адамдарды махшарға дейін алып барады, –  деді. 

материал «Ислам ақидасы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: