Елден артық емессің

Елден артық емессің

Ғибратнама
Жарнама

Әділдігімен әйгілі хазірет Омар (р.а.) баласы Абдуллаһпен және хазірет Хасанмен (р.а.) Мәдинаның көшелерін аралап жүріп, арып-ашып жүдеген кішкентай баланы жолықтырды.

Хазірет Омар (р.а.): «Мына баланың қарайтын ешкімі жоқ па? Балаларына қарамайтын бұл қандай адамдар өзі?», - дейді. Сонда қасында келе жатқан баласы Абдуллаһ: «Әке, танымадың ба, бұл сенің немерең, менің қызым» деген кезде Омар ашуланады. Әкесінің ашуланғанын сезген Абдуллаһ: «Әке, мен не істейін? Сіз халифасыз. Қолыңыздағы мүмкіндікті пайдаланып, кішкене жағдай жасасаңыз, жақсырақ қарар едім», - дейді. Мұны естіген Омар (р.а.):

– «Аллаға ант етейін, балам. Мынаны көкейіңде ұста: саған басқа мұсылмандарға жасағанымнан артық жағдай жасай алмаймын. Оларға қандай көмек берсем, саған да сол мөлшерде ғана жағдай жасай аламын», - дейді.

Бөлісу: