Уайым-қайғыдан құтылу үшін осы дұғаны оқыңыз

Уайым-қайғыдан құтылу үшін осы дұғаны оқыңыз

Ғибратнама
Жарнама

Қайғыға тап болып, осы дұғаны айтқан адамға одан да қайырлы нәсіп болады!

Мүміндердің анасы Умм Салам (оған Алла разы болсын) былай деді:

Мен Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер Алланың құлдарының бірі қайғыға тап болып:

«Расында, біз Аллаға тиесіліміз және Аллаға қайтарыламыз! Я, Алла, мені қайғымда сауапты ет те, маған одан жақсысын бер!»

/Инна ли-Лаһи уа ина иләйһи ражиъуна! Аллаһумма-журни фи мусыбати уа хлюф ли хайран минха!/, –  десе Алла Тағала міндетті түрде оның қайғысы үшін сауап жазады және оған (айрылғанының) орнына одан да жақсысын береді», - деді.

Әбу Салама өлген кезде, мен Алланың елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айт дегенін айттым, сонда Алла оны маған одан да жақсысымен ауыстырды –  (яғни) Алланың елшісімен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) (Муслим).

Бөлісу: