Жақынымды жоғалттым

Ғибратнама
Жарнама

15-16 жас шамасында Ислам әдебінен бейхабар кезінде төңірегіндегі әйелдерге сұқтана қарап жүрген Жүләйбиб есімді жас сүйікті Пайғамбарымызбен (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) жолығып, ақиқатты танып, ақиық елшінің дұғасын алып Мәдина қаласының ең арлы жігітіне айналған. Көп уақыт өтпей Алла елшісі (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) оң жақта отырған қызы бар үйге құда түсіп оны үйлендіреді. Арада үш-төрт апта өткен соң мұсылмандар шайқасқа аттанады. Осы шайқаста Жүләйбиб (р.а.) шейіттіктің шәрбатын татып, ерлікпен қаза табады.

 Шайқас біткен соң сахабалар денелерін қанмайданға тастап, рухымен көкке самғаған шейіттердің денелерін жинап, арулап, жаназаға дайындап жатты. Сол сәтте пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) көпшілікке қарата: «Уа, халайық! Араларыңызда іздеген адамын таппаған немесе жақынын жоғалтқандар бар ма? деп сұрайды. Сол сәтте сахабалар бірауыздан: «Уа, Алланың елшісі, жоғымызды таптық!» деген кезде мейірім пайғамбары: «Ал мен болсам жақынымды, Жүләйбибімді жоғалттым», деп баласынан айрылған көңілі жарым әкедей қымбатты досын іздей бастады. Біраз уақыт сарыла іздеп жүріп ақыры Жүләйбибті тауып басын мүбәрак тізесіне қойып: «Уа, Алла тағалам бұл менің бауыретім, жақыным, мен де оның жақынымын», деп, ол үшін Жаратқаннан жарылқау тілеп еді. Иә, пайғамбарымыз ешкімді назардан тыс қалдырмаған. Осы оқиға бізге көп нәрсені ұқтырса керек. Сондықтан біз де мұқтажға көмек қолын ұсынып, жабырқаған пендеге демеу болып, әрбір жүректі иман нұрымен нұрландыру жолында аянбай қызмет етуіміз керек.

Бөлісу: