Адамды уайымнан құтқарып, кешке дейін қорғап жүретін дұға

Адамды уайымнан құтқарып, кешке дейін қорғап жүретін дұға

Ғибратнама
Жарнама

Адамды уайымнан құтқарып, кешке дейін қорғап жүретін әрі шайтанды шарасыз күйге түсіретін дұға:

Әнастан (оған Алла разы болсын) Алланың Елшісі (оған Алланың игілі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім үйден шығарда: «Алланың атымен Аллаға тәуекел еттім. Алланың күш қуатынан асқан ешқандай күш қуат жоқ» (БисмиЛләһ, тауаккальту ‘әлә-Ллаһ, ла хаулә уә лә къуууата иллә биЛләх) десе оған: «Сен тура жолдасың , құтылдың әрі қорғаулысың» деп айтылады. Сол кезде шайтан ол адамнан қашады да басқа шайтанға барып: «Сен тура жолдағы, құтылған әрі қорғалған адамға не істей аласың?» деп айтады» деген.


Осы xадистегі "құтылды" деген сөз туралы ғалымдар: «Ол адам, адамға екі дүиеде уайым салатын нәрсенің бәрінен құтылады» деген (Әбу Дәуд).

ummet.kz

Бөлісу: