Өзіңе Жәннаттан сарай тұрғызғың келсе...

Өзіңе Жәннаттан сарай тұрғызғың келсе...

Ғибратнама
Жарнама

Тарихқа көз жүгіртсең, қаншама сұлу, қаншама бай, дәулетті, атақты әйелдер өмірден өтті. Бірақ, олар өздерінің байлықтары мен қазыналарын өздерімен бірге ала кетті ме?! Жоқ!

Олар тіпті қымбат, бағалы киімдерін де киместен, барлық пендеге ортақ киім – жай шыт матаны қанағат тұтты. Зәулім сарайда тұрмадым деп қайғыратын боларсың?! Сол үшін жарыңды да жазғырып, оның табысына көңілің толмай жүр ме?! Онда бұл ісің бекершілік! Сен одан да Жәннаттағы сарайда тұрғың келе ме?! Ойлашы өзің, жердегі уақытша сарай емес, Жәннаттағы сарай! Онда ізгі амалдарыңды көбейт, шүкір етушілерден бол! Ата-анаңның және болашақ жарыңның разылығын алып, өзіңе Жәннаттан сарай тұрғыз!

Алла Тағала Құранның «Зухруф» сүресінің, 71-аятында: «Оларға алтыннан жасалған табақтар және кеселер ұсынылады. Ол жерде көңілдер қалайтын және көздер рахаттанатын нәрселер бар. Әрі сендер онда мәңгі қаласыңдар» деп сүйіншілейді. Және тағы да: «Әрі оларға зәнжәбил (сусыны) араластырылған кеседен ішкізіледі, «Сәлсәбил» деп аталатын бұлақтан...» («Инсан» сүресі, 17-18-аяттар). «(Ей, Мұхаммед!) Иманға келген және ізгі амал жасағандарды сүйіншіле: оларға астынан өзендер ағып жататын (Жәннаттағы) бақтар бар. Оларға оның жемісінен бір ризық берілген сайын олар: «Бұл бізге бұрын да берілген еді» дейді. Оларға (Жәннатта) оның ұқсасы беріледі. Әрі олар үшін онда тап-таза жұбайлар бар. Олар онда мәңгі қалады» деп уәде етеді («Бақара» сүресі, 25-аят).

ummet.kz

Бөлісу: