Ренжіп жүрсеңіз, өміріңіз қиындап кетсе, мынаны оқыңыз

Ренжіп жүрсеңіз, өміріңіз қиындап кетсе, мынаны оқыңыз

Ғибратнама
Жарнама

Біз «Осыны алып беріңізші» деп сұраған нәрсемізді әке-шешеміз алып бермей жатса ренжиміз, оларға өкпемізді айтып бұртиямыз. Ал біреулердің ренжімек түгілі, өтінішін айтар адамы да жоқ...

Біз «Жұмысым қиын, басым ауырып кетті», «Бітпейтін бір жұмыс шаршатып жіберді» деп шағымданамыз, ал әлдекімдер «Шіркін, сау болғанымда ғой, қандай жұмыс болса да істер едім. Төсекте таңылып жатқанша жұмыс істеп шауып жүргенің әлдеқайда артық екен ғой» деп армандап отыр...

Біз алдымызға келген тамағымыз ойдағыдай болмаса, көңіл-күйіміз түсіп күйгелектеніп кетеміз. Ал біреулер жейін десе, денсаулығы жарамай, тамағынан ас өтпей, ішіне ас батпай отыр...

Біз күйеуімізге не әйелімізге ашуланып, оны көргіміз келмей жек көріп жүрміз. Ал біреулер жақсы көретін адамын мәңгілікке жоғалтып алып, оның бейнесін бір көруге зар болып сағынып жүр...

Ендеше, ойланайық. Барлық іс-әрекетіміз бен сөзімізді бақылау – өз қолымызда.

ummet.kz

Бөлісу: