Жәннатқа кірген соңғы адам

Жәннатқа кірген соңғы адам

Ғибратнама
Жарнама

Тозақтықтар мәңгі тозақта, Жәннат тұрғындары мәңгі Жәннатқа кірген соң, тозақтан ең соңғы шығып, пейіш пен тамұқ арасында бір адам қалады. Әлгі адам орнында қазық болып қағылып, жүзі тозаққа бұрылған күйде тұрады. Не істерін білмеген пенде:          

-Я, Құдай. Я Аллам!  Саған деген иманым бар еді ғой. Сондықтан мені мына тозағыңа қатты бетімді қуырмай теріс қаратып қойшы,-дейді. Алла оны теріс қаратып қояды. Теріс қаратып қойғаннан соң, біраз уақыт, бәрібір қуырып бара жатыр әлгі от. Қиналғаннан Аллаға айтады екен:

-Аллам басқа сұрамаймын деп едім, мені мына жерден гөрі тозақтың шетіне шығарып қойшы,-дейді. Содан Алла оны тозақтың шетіне шығарып қояды екен. Бірақ ол жерде тұрған соң аз өтті ме, көп өтті ме?! Қайта қиналып Аллаға жалбарынады екен:

-Аллам саған деген иманым бар ғой. Тозақтан мені шығарып қойсаң болды. Жәннатыңды сұрамаймын, ешнәрсе керегі жоқ. Мына жерден шығарып жіберші мені,-дейді. Содан ол кісіні Алла тозақтан шығара салады екен. Сонда әлгі адам тозақтан, азаптың ауырлығынан төрт аяқтап шықты дейді. Ойлаңыз? Өзінің денесін көтере алмай шықты. Сахих Муслимде айтады: "Тозақтан алып шығып жатқан адамдар арықтың жағасында өсіп тұрған аппақ өсімдіктер сияқты болады. Білесіз анау арықтың жағасында қаралай бір аппақ, жұмсақ, тамыры аппақ болып тұрады ғой. Енді өсіп жатқан талшықтар. Қуаты-күші сондай-ақ болады екен. Бейшараны тозақтың езіп тастағаны сонша ана кісінің қуаты сол-ақ болады екен. Соны суырып алып, Жәннаттың суына батырып, күш-қуат береді дейді Алла Тағала.

Осылай ол адам тозақтан шығады. Бір ағаш көрінеді, ол сұрай-сұрай Аллаға жалбарынып ағаштың жанына барады. Содан сая табады. Соның астында тұрып, біраз тұрғаннан кейін қараса Жәннаттың жақын жерінде, тозақтан әлдеқайда ұзағырақ жерде басқа одан да үлкен ағаш өседі. Сол ағашқа қарай, қысылады да:

-Я, Аллам. Ешнәрсе сұрамаймын деп едім. Бірақ анау ағаш әдемірек көрінеді екен. Сол ағаштың саясына барайыншы,-дейді. Содан Алла айтады:

-Менен сұрамаймын деп едің ғой,-дегесін ана адам үндемейді. Біраздан кейін қайта жалбарынып:

-Я, Аллам. Анау ағаштың саясына барайыншы. Басқа сұрамаймын,-деп. Алла оның дегенін айтқызып Өзінің рақымынан ол кісіні сол ағаштың саясына апарады екен. Сол ағаштың саясында тұрып Жәннаттағы рахатты көреді. Жұрттың қуанышын көреді. Той-томалақты, рахатты, қызықшылықты, майшатты көріп, қатты қызыққаннан Аллаға қайта жалбарына бастайды:

-Я, Аллам. Көп сұрамаймын Жәннатыңның есігінің алдына кіріп, сол бір қадам кіріп, аналардың қуанышын соның ішінен көріп тамашалайыншы. Мына жерде қиын екен,-дейді.

-Сен Менен ешнәрсе сұрамаймын деп едің ғой.

Қайтадан үндемейді. Бірақ сәл өтіп жалбарынады, қайта жалбарынады Аллаға. Алла рақым қылып:

-Жәннатқа кіре бер, саған рұқсат,-дейді. Сонда әлгі адам жүгіріп Жәннатқа барады. Бірақ Жәннат көз алдына толы болып көрінеді екен. Содан екі көзінде жас, қиналғаннан:

-Я, Аллам Сенің қинайтыныңды білгенімде ғой,-дейді.

-Не болды?-десе. Сен мені осы азаптап жатсың ба деп ойлайды. Жәннатқа кір десе орын жоқ дегендей да. Содан қысылады да:

-Орын жоқ қой,-дейді. Сен қадам басып бірінші кірсейші,-дейді. Қадам басқаннан соң ол адамға Жәннаттың үкімі жүреді. Ал Жәннаттың үкімі бойынша не еді? Сұрағаныңның бәрі берілетін еді ғой. Сонан соң әлгі адамға айтады:

-Ал енді Жәннаттың адамы екенсің. Онда сұра берейін,-дейді. Әлгі адам сұрай береді екен. Жаратушы Алла сұрағанының бәрін береді. Алла Тағала тозақтан шығарылып Жәннатқа кірген пенделердің барлығына былай дейді: «Ақиқатында менің құзырымда сендер үшін бұдан да абзал нәрсе бар». Адамдар таңырқап: «Уа, Раббымыз! Бұдан абзал нәрсе болуы мүмкін бе?» - дегенде Алла Тағала: «Менің разылығым», - дейді.

Жәннатқа кірген пенделердің ең үлкен арманының бірі – Алланы көру. Ғалымдар Жәннатқа «дәрул фадл» яғни, «Алланың кеңшілігі орнаған мекен» деген анықтама берген. Кімде-кім Жәннатқа кірсе одан шықпайды, онда мәңгі қалады...

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: