Адамның қайсы қасиеті жақсы?

Адамның қайсы қасиеті жақсы?

Ғибратнама
Жарнама

Ибн Лұқман әкесінен: «Адамның қайсы қасиеті жақсы?»,- деп сұрады.

Әкесі:

–  Дінді жақсы ұстанғаны - дейді.

Баласы:

–  Егер екі қасиеті болса ше?

Әкесі:

–  Діні және байлығы, - дейді.

Баласы:

–  Егер үшеу болса ше?

Әкесі :

–  Діні, байлығы және ұяты, - дейді.

Баласы:

–  Егер төртеу болса ше?

Әкесі:

–  Діні, байлығы, ұяты, және көркем мінезі, - дейді.

Баласы:

–  Егер бесеу болса ше?

Әкесі:

–  Діні, байлығы, ұяты, көркем мінезі және жомарттығы, - дейді.

Баласы:

–  Алтау болса ше?

Әкесі:

– Балам, егер адам бойында осы бес қасиет бар болса, оның шынайы тақуалықтың ләззатын сезінгені, шайтаннан таза, Алланың досы болғаны, -деп айтқан екен.

материал «Жан тәрбиесі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: