Бір мүміннің қанын жүктегені үшін жер қабылдамаған адам

Бір мүміннің қанын жүктегені үшін жер қабылдамаған адам

Ғибратнама
Жарнама

Қабиса бин Зуәйб былай дейді: «Бірде сахабалар Алла Расулына мойынсұнбаған әлдебір тайпаға шабуыл жасап, жеңіліске ұшыратты. Сол шайқаста бір сахаба мүшріктердің біреуіне қылыш сермеп, өлтіруге оқталғанда әлгі адам: «Лә илаһә иллаллаһ», – деді.

Бірақ сахаба оны жайратып тастады. Сахабалардың шабуылға шығып, шайқасқа түскені ұмыт болатындай арада бірталай уақыт өткенімен, әлгі адам өзінің кісі өлтіргеніне май ішкендей мазасызданып, жан дүниесін қара уайым қаптайды. Ол Алла Расулына оның өлімнен қорыққаны үшін ғана иман еткендігін айтып, ақталса да, Нәбилердің нәбиі: «Жүрегін жарып көрдің бе? Адам жүрегіндегі иманды тілімен жеткізеді», – деп, оның бұл әрекетін қош көрмеді. Көп ұзамай бұл сахаба да дүниеден озды. Оның сүйегін ақ жуып, арулап, жер қойнына тапсырады. Алайда оның жансыз денесінің қайранда қалған балықтайын күн көзінде қаңсып жатқанын көрген туысқандары болған жағдайды Алланың расулына айтады. Пайғамбарымыз: «Оны қайта жерлеңдер!» – деді. Мәйіт екінші рет жерленеді. Амал не, жер оны тағы қабылдамады». Пайғамбарымыздың әмірі бойынша, оның мәйіті аулаққа апарылып, шұңқырға тасталады.

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: