Ақылды адам алғыс айтуды ауырсынбайды

Ақылды адам алғыс айтуды ауырсынбайды

Ғибратнама
Жарнама

«Рақмет» деп айту «өтінемін» деп айту секілді қарапайым да жеңіл. Саған көмектескен және жақсылық жасаған адамдардың барлығына «Рақмет!» деп айт.

1. Бір адам лифт жүріп кетпес үшін лифт ұстап тұрса, «Рақмет!» деп айт.

2. Егер біреу саған «Мен көрген жастардың ішіндегі түсінігі молы сен екенсің» десе, «Рақмет!» деп айт.

3. Егер саған жаңа зат сыйласа, «Рақмет!» деп айт.

4. Егер дастархан басында біреу саған тұз беріп жіберсе, «Рақмет!» деп айт.

Саған жағымды сөз айтқан адамға «рақмет» айт, тіпті оның мақтау сөз екеніне сенімді болмасаң да.

«Бұл мақтау ма?» деп сұрау қате.

Егер адамдар саған «атаңа ұқсайсың» десе, олар оны жақсы оймен айтады. Бірақ сен оны мақтау деп қабылдамауың мүмкін. Жай ғана «рақмет» деп айт. Сонда атаң да риза болады.

Алған сыйлығың өзіңе ұнамаса да, рақмет айт.

Сыйлықтың ұнамағанын білдіру үшін мысқылдап күлу, түріңді бұзу және түрлі әрекеттер жасау қате.

Сыйланған сыйлықтардың барлығы саған бірдей ұнауы мүмкін емес.

Нағыз ер жігітке кішкентай баланың ойыншығын сыйлайтын әпкесі болуы мүмкін. Бірақ сонда да «рақмет» айту – міндетің. Ол сыйлық саған қатты ұнағандай түр жасаудың қажеті жоқ, әрине. Жай ғана «Мені ұмытпағаныңыз үшін рақмет» деуің жеткілікті. Бұл әрекет арқылы сен ол адамдарды және олардың әрекетін бағалайтыныңды көрсетесің.

Жолыңа ақша беретін анаңа және үй тапсырмасын орындауға көмектесетін әпке-ағаңа «рақмет» айт.

Күнде жолыңа ақша берсе де, үй тапсырмасын орындауға көмектессе де рақмет айту міндет емес деп ойлау қате.

Саған жақсылық жасаған адамдардың барлығына сыпайы қарым-қатынас жасағаның абзал. Мәселен, саған кешкі ас дайындағаны үшін, күлімсірегені үшін және осындай қарапайым іс-әрекеттер үшін алғысыңды айтып жүр. Саған жақсылық жасаған адамдарға сен нағыз ер жігіт сияқты жауап берсең, олар да босқа әуре болмағандарын түсінеді.

Нағыз ер жігіт өзінің рақмет айтуын міндетсінбейді. Ол тіпті болмашы нәрселерге де алғысын айтады.

Нағыз ер жігіт қарапайым «рақмет» деген сөз жеткілікті екенін біледі. Түрлі алғыс, мақтау сөздерді құрастырудың қажеттілігі жоқ.

Рақмет айт...

Анаға – өмір сыйлағаны үшін, рақмет!

Әкеге – қорған болғаны үшін, рақмет!

Атаға – бата-тілегі үшін, рақмет!

Әжеге – ыстық алақаны үшін, рақмет!

Досқа – құшағы мен адалдығы үшін, рақмет!

Қарындасқа – жаныңа жұбаныш болғаны үшін, рақмет!

Ағайынға – бар болғаны үшін, рақмет!

Жаратушыға рақмет, осының бәрін бергені үшін!

материал «Жігіт сұлтаны бол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: