«Кім бес нәрсені құрметтемесе, бес нәрседен құр қалады»

«Кім бес нәрсені құрметтемесе, бес нәрседен құр қалады»

Ғибратнама
Жарнама

Пайғамбар (с.а.с.) былай деген екен:

«Кім бес нәрсені құрметтемесе бес нәрседен құр қалады.

Кім ғалымдарды құрметтемесе діннен құр қалады.

Кім әміршілерді құрметтемесе дүниесінен құр қалады.

Кім көршілерін құрметтемесе көп пайдадан құр қалады.

Кім күштілерді құрметтемесе олардың қолдауынан құр қалады.

Кім өзінің жанұясын құрметтемесе тыныш өмірден құр қалады».

Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:

«Үмметіме бір заман келеді. Сонда олар бес нәрсені жақсы көріп, бес нәрсені ұмытады.

Дүниені жақсы көреді, ақыретті ұмытады.

Үлкен үйлерді жақсы көреді, қабірді ұмытады.

Мал-мүлікті жақсы көреді, Есеп күнін ұмытады.

Көп әйелі, баласы болғанын жақсы көреді, әділдікті ұмытады.

Нәпсілерін жақсы көреді, Алланы ұмытады.

Олар менен емес және менің оларға қатысым жоқ».

материал «Қайтар күнге дайындық» кітабынан алынды,

ummet.kz


 

Бөлісу: