Мұсылман көршісінің жайын осылай ойлайды

Мұсылман көршісінің жайын осылай ойлайды

Ғибратнама
Жарнама

Бірде патша тағамдардың сапасы мен бағасын білу үшін киімін өзгертіп, базарға шығады.

Бір дүкенге кіріп сатушыға, сәлем бергеннен кейін:

– Маған жарты келі май, жарты келі бал және жарты келі ірімшік беріңіз, – дейді. Сатушы жарты келі май өлшеп, ақшасын есептеп болғаннан кейін:

– Аға, сұрағандарыңыздың қалғанын көршімнен алыңыз. Өйткені оның заттары жақсырақ, көршім әлі ештеңе сатпады, – деді. Патша екінші дүкенге кіріп, ол жерден жарты келі бал алып жатқанда, сатушы оған:

– Аллаға шүкір, аға, мен бүгін саудамды бастадым, балаларымның нәпақасын таптым, ал көршім ештеңе сатқан жоқ, – дейді. Сол кезде патша:

– Бұл халық осындай тамаша адамгершілігімен дүние жүзін өзіне қаратады. Халықтың осы таза кісілік қасиетін бұзған адамдарға Алланың қаһары жаусын, – дейді.

материал «Негізгі діни мағлұматтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: