Саусақ ізі – әрбір адамның «жеке куәлігі»

Ғибратнама
Жарнама

Жер жүзінде қаншама адам бар екендігін көз алдымызға елестетіп көрейікші. Жалпы адамзат жаралғалы қанша пенде қара жерді басты екен? Осы адамдардың барлығының да саусақ іздері (бармақ таңбасы) әр түрлі болып келеді.

Тіпті бір ұрықты, ДНК құрылымы бірдей келетін егіз сәбилердің өзінде айырмашылық болады. Саусақ ізінен қайталанбас, ерекше дизайн байқалады. Бұл із сәби дүниеге келмес бұрын, яғни, құрсақтағы кезінде пайда болады екен.Едәуір зақымдалуларға ұшырмаса, қайтыс болғанша осы саусақ ізі сақталып қалады.

Сол себепті, саусақ ізі – әрбір адам баласының басты ерекшелігі, өзіне ғана тән белгісі. Тіпті, ғылымда «саусақ ізі – адамның жеке куәлігі» деген ұғым да қолданылып жүр. Бұл жаңалық жүздеген ғалымдардың қатысуымен ХІХ ғасырдың соңында ғана анықталды. Ал адам баласы мұндай зерттеулер жүргізуге қауқарсыз болған ғасырда түсірілген Құранда саусақ іздері қозғалады: 

«Адам баласы, Біз сүйектерін жинай алмайды деп есептей ме? Күмәнсіз, оның саусақтарының ұштарын да қалпына келтіруге күшіміз жетеді». («Қийама» сүресі, 3-4- аяттар).

Бөлісу: