Патша болсаң – әділ бол

Ғибратнама
Жарнама

Омар ибн Абдулазиз ізгі халифалардың бесіншісіне жатады. Ол әділдігімен, тақуалығымен танылды. Оның халифалығы тұсында әділдігі соншалық, қасқыр мен қой бірге жүре беруші еді.

 

Сол заманда бір мұсылман кісі жайылып жатқан қойлардың тұсынан өтіп бара жатып қойлардың қасында жайбарақат жүрген қасқырды көріп, қойшыдан оның мәнін сұрайды. Сонда қойшы:“Әй, бауырым, көріп тұрған бұл кереметің – халифаның әділдігінің дәлелі," - дейді.

Осы оқиғадан бірнеше ай өтеді. Манағы кісі тағы сол түстан, жайылып жатқан қойлардың жанынан өтіп бара жатып бір қойды қасқыр жеп жатқанын көріп: “Құдайым-ай, әділ халифаның ажалы жеткені ме?!” - деп қапа болады. Сол уақытта шындығында да халифа Омар ибн Абдулазиз қайтыс болып, Раббысына қарай бет бұрған еді.

Бөлісу: