Бәязид Бистами Хазірет дәрі жасап жатқан бір дәрігерге жолығып:
«Ей, дәрігер! Сенде менің ауруыма дәрі бар ма?» - дейді.
Дәрігер одан: «Қандай ауру?» - деп сұрайды.
Бәязид Хазірет: «Күнә ауруы…» - деп жауап берді.
Дәрігер қолын екі жағына жайып: «Күнә ауруының дәрісін білмеймін» - дейді.
Сол кезде қасында тұрған мәжзуб жігіт сөзге араласып: «Ата, сенің ауруыңның дәрісін мен білемін» - дейді.
Бәязид Хазірет қуанып: «Ей, жігітім айтшы қане!» - дейді.
Халық мәжзуб (диуана) санайтын, бірақ шындығында ариф болған жігіт күнәнің дәрісін былай айтып береді: «Он дирһам тәубенің тамыры мен он дирһам истиғфар жапырағын ал! Бұларды жүрек келісіне сал! Тәухид келсабымен соқ! Ынсап елегінен өткіз! Көз жасымен иле! Ғашықтың отына пісір! Осылайша пайда болған дәріден күн сайын бес қасық іш. Науқасыңнан айығасың!»
Мұны естіген Бәязид Бистами, ішін тартып: «Сен сияқты арифті диуана деп, өздерін ақылды санағандарға қандай обал!» - дейді.
материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,
ummet.kz