Имам ән-Нәуәуидің нұсқау-өсиеттері

Имам ән-Нәуәуидің нұсқау-өсиеттері

Ғибратнама
Жарнама

Имам ән-Нәуәуи (Алла оған рақым етсін) былай деп жазған:

«Амалдардың бұл түрі дұрыстыққа шақыру мен бұрыстықтан қайтару екендігі туралы айтып тұрғанымды біліңіз. Негізінде, бұл көптен бері ескерілмей келеді және біздің кезімізде оның болмашы жұрнағы ғана қалған. Алайда, бұл – Исламның негізі және маңызды бөлігін құрайтын іс. Өйткені азғындық асқынған тұста жазаға ізгілер де, қараниеттілер де лайықты болады, ал егер ешкім қысым жасаушының қолын қақпаса, онда Алла Тағала бәрін жазалайды. Алла Тағала: «Сондықтан оның әміріне қарсы келгендер өздеріне бір апат жетуінен немесе жан түршігерлік азап келуінен сақтансын», – деген. Сондықтан аса Құдіретті де Ұлы Алланың мейірімі мен шапағатына лайық болуды көздейтін және Ақыретке ұмтылатын адам бұл мәселеге шын ықыласпен көңіл бөлуі қажет. Расында, мұның басым бөлігі өткен күндерде қалғанын ескерсек, бұл ұлы жетістікке жеткізеді. Бұл үшін жоғарыда отырған билік иесінің қырына іліккен адам ешқандай қорқынышқа берілмесін. Алла Тағала: «(Алла жолына) жәрдем еткенге Алла жәрдем етеді»; «Кім Аллаға жабысса, әрине, оның тура жолға түскені»; «Сондай жолымызда күрескендерді, әлбетте, тура жолға саламыз»; «Адамдар «Иман келтірдік» деумен сыналмай қойылатындықтарын ойлай ма? Рас, олардан бұрынғыларды да сынаған едік. Сондай-ақ Алла әлбетте шыншылдарды да біледі, өтірікшілерді де біледі», – деді.

Берілетін сыйлықтың жұмсалған күш-қайратқа сай болатынын пайымдаңыз. Басқалармен дос-жаран болғаны, махаббаты, біреудің көңілін табу және адамдардың құрметтеуінен айырылып қалуынан қорыққаны себепті әрбір адам осы міндетті атқарудан бас тартпасын. Өйткені оның достығы мен сүйіспеншілік-махаббаты өзіне деген құрметті тудыруы тиіс және өзіне белгілі бір құқық беруі керек. Сондай-ақ ол досын Ақыретте пайда беретін және ол жақта зияннан сақтайтын амал-әрекетке бағыттай отырып, оған шын ықыласты ақыл-кеңестер беруге құқылы әрі міндетті. Бұл дүниеде өзі қандай да бір шығынға ұшыраса да, досының Ақыреттегі өмірін бақытты етуді қалайтын адам, міне, ол – шын сүйетін нағыз дос адам. Ал бұл дүниеде қандай бір пайдаға, байлыққа кенелсе де, досының Ақыретте ауыр азап, жазаға және кемтар-кедейлік, жоқшылыққа ұшырауын қалайтын адам, міне, сол – нағыз дұшпан адам. Демек, осы себепті Ібіліс (оған Алланың лағынеті болсын) – біздің дұшпанымыз, ал Пайғамбар (с.а.с.) – мұсылман-мүміндердің досы. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.) мүміндердің бәрін Ақыреттегі өмірлерінің мүддесіне сәйкес келетін амалдарға ұмтылдырған және осыған бастаған, өз кезегімізде ең Жомарт Алладан бізді, біз сүйген адамдарды және барлық мұсылман-мүміндерді Өзінің мейірім, махаббатымен жарылқауын, сондай-ақ бізге қатысты Өзінің жомарттығы мен мейірбандылығын көрсетуін жалбарынып сұраймыз, барлығы тек Алла Тағалаға ғана аян» Имам ән-Нәуәуи: «Мақсатына жетуге жақын болу үшін дұрыстыққа шақырып, бұрыстықтан қайтарушы адам мейірімді болуы қажет», – деген.

Ал имам Шафиғи (Алла оған рақым етсін): «Өз бауырын жасырын уағыздаушы (дұрыстыққа шақырып, бұрыстықтан қайтарушы) оған қатысты адалдық көрсеткен және әспеттеген болады, ал оны әшкере уағыздаушы оны масқаралап қаралаушы болады», – деді.

Көп жағдайда адамдар бір адамның кемшілік-нұқсаны бар затты сатып тұрғанына қатысты көңіл бөлмейді, бұл үшін оны бетке басып ұялтпайды және сатып алушыға сатылатын мүліктің кемістігін айтып ескертпейді. Бұл – нағыз қателік. Ғұламалар «Мұндай сәттерде заттың кемшілігін білуші адам сатушының бетіне ашық ескертіп, бұл туралы сатып алушыны хабардар етуі қажет» деп есептейді.

материал «Әл-Уафи» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: