Ибн Омар (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Хайбар соғысы болып жатқан күндердің бірінде: «Кімде-кім мына сарымсақтан жеген болса, біздің мешітімізге жақындамасын!»,- деп айтқан»,- деді.
Жәбир ибн Абдулла (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Кімде-кім мына сарымсақтан жеген болса, біздің мешіттерімізге келмесін!»,- деп айтқан»,- деді.
Ғата (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) шикі сарымсақты айтты ма әлде піскенін ба?»,- деп менен сұрады. Мен: «Есімдегісі - тек қана шикіні айтты»,- деп жауап бердім.
Ғата (р.а.) Жәбир ибн Абдулладан естігенін ибн Шихабқа былай деп риуаят еткен екен: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім (шикі) сарымсақ немесе» пияз (честнок) жесе, бізден де, мешіттерімізден де алысырақ жүрсін, үйінде отырсын!»,- деп айтқан»,- деді.
Бір уақыттарда Пайғамбарымызға сарымсақ араластырып дайындалған тамақ әкелді. Онда бір түрлі иіс барлығын сезіп, неден жасалғанын сұрады. Тамақтың ішінде сарымсақтың бар екенін айтып берісті. Содан соң Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Сахабаларды тамаққа шақырды, бірақ олар ол кісінің өзінің жемегені үшін тартынды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сендер жей беріңдер, маған болмайды, өйткені мен періштелермен сөйлесем, олар бұл иісті ұнатпайды»,- деді.
- Абдулазиз (р.а.) риуаят етті: «Бір кісі Әнастан (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сарымсақ туралы не айтты?»,- деп сұрады. Әнас (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім мына сарымсақты жесе, бізге жақындамасын және бізбен бірге намаз оқымасын!»,- деп айтқан».
материал «Көңіл сұлтаны» кітабынан алынды,
ummet.kz