Сараңдықтан да жаман нәрсе бар ма?

Сараңдықтан да жаман нәрсе бар ма? Сараңдықтан да жаман нәрсе бар ма?

Ғибратнама
Жарнама

«Менің сый-сияпатымды Алланың өзі береді» ("Юнус", 72).

Бір данадан: «Сараңдықтан да жаман нәрсе бар ма?» – деп сұрайды. Ол: «Істеген жақсылығын айтқан адам», – депті.

Қандай да бір жақсылық жасаған кезде алдыңа Алланың разылығын мақсат қылып қой. Ешкімнен сый-сияпат күтпе. Ешкімнің мақтауы мен шапалақ соғуын іздеме. Адам үшін істелген іс – ол адам үшін. Алла үшін істелген іс – ол Алла үшін. Бір ғалымның мына сөзі неткен әсерлі еді: «Егер ниетің түзу болмаса, онда шаршамай-ақ қой!»

«Мен күйзелісімді де, күйінішімді де Аллаға ғана шағамын» ("Юсуф", 86).

Адамға шағымдансаң, аяушылықпен қарайды. Аллаға шағымдансаң, мейірімділікпен қарайды. Әлсіз өзі сияқты әлсізге шағымданбайды, ал барлық адам әлсіз. Пақыр өзі сияқты пақырға шағымданбайды, ал барлық адам – пақыр. Әлсіз күштіге жүгінеді. Алладан асқан күшті ешкім жоқ. Пақыр байға жүгінеді, Алладан асқан бай ешкім жоқ. Алланың алдында толықтай әлсіздігіңді көрсет: шағымдан, жыла, сұра... Ал адамның алдында өз-өзіңді жина да, басыңды көтеріп жүр. Себебі адамның көзіндегі аяушылық – әлсіздік, адамға сүйену – ақсақтық.

материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: