«Раббыларыңның кешіріміне һәм шынайы тақуалар үшін әзірленген кеңдігі жеті қат аспан мен жердей болған жұмаққа асыға ұмтылыңдар!» ("Әли-Имран", 133).
АСЫҒЫҢДАР! Себебі өлім күтпейді. Ертең тәубе етемін, ертеңнен бастап Құран оқимын, ертеңнен бастап диета ұстаймын… Ертеңгі күн келер… Aлайда қалаған нәрселеріңді орындай алмайсың. Өмірге деген үміттің ұзақтығынан өлім бізге әлі келмейді деп сенеміз. Қарапайым ғана мысал, дәл осы минут осыған дейін қайтыс болған адамдардың бір сәттері ойлаған жоспарлары еді.
АСЫҒЫҢДАР! Себебі кейбір сәттерді өткізіп алу саған өмір бойы ауырлық әкелуі мүмкін. Ассунабхи былай дейді: «Біз Йеменнен пайғамбарды көру үшін шыққан едік. Мәдинаға жеткен кезде, біз пайғамбардың бес күн бұрын қайтыс болып кеткендігін естідік». Бес күнге кешігу оларды сахаба шарапаттылығынан айырды.
АСЫҒЫҢДАР! Бәлкім, тіпті, бір сағатты өткізіп алу сені жұмақтан құр қалдыруы мүмкін. «Балам! Түсімде өзіңді құрбандыққа шалып жатыр екенмін» ("Сaффат", 102).
Аятта адам баласының тарихындағы ең ауыр сынақтардың бірі баяндалады. Ибраһим пайғамбар ұлғайған жасына дейін бала сүймеген еді. Сондықтан балалы болған кезде, оған жүрегі қатты байланған. Күндердің бір күнінде, баласы ер жеткен кезде, Алладан оны құрбандыққа шалу жайлы бұйрық келеді. Ибраһим пайғамбар пайғамбарлардың түсі Алладан келетін уахи екенін білген. Жүрегі қаламаса да, Алланың әмірін орындауға кіріседі. Себебі Ибраһимнің жүрегінде ең бірінші Алла тұрған еді. Алайда Ибраһимнің жүрегі баласы Исмаилге байланған кезде, оған баласын құрбандыққа шалуға әмір етті. Алла кейбір жүректердің ішінде өзінен басқаға орын болғанын қаламайды. Негізінде, Ибраһимнен талап етілген құрбандық Исмаилге деген махаббаты еді.
материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,
ummet.kz